Жас оқырмандарға арналған «Алаң» суреттелген электрондық каталогы

 

1998 жылы Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Кітапханаларды қолдау» бағдарламасы және Будапешт қаласының Ашық Қоғам Институтының Жүйелік Кітапханалық Бағдарламасының аясында Сорос-Қазақстан Қорының ашық байқауларының жеңімпазы болып шықты. Байқаулар үстінде «Алаң» жобасы ұсынылды: 6-9 жастағы жас оқырмандарға арналған суреттелген электрондық каталогты жасау. Бұл жобаның басты ерекшелігі – жас оқырмандар өздері балалар каталогының тақырыптық топтамалары үшін суреттерді салды. Бұл үшін кітапхана бірнеше жыл бойы 6-9 жастағы балалар арасында «Виртуалды әлемге кір» электрондық каталогының тақырыптық топтамасына ең жақсы сурет салу облыстық байқауын өткізді. Байқау жеңімпаздарының жұмыстары автордың аты белгіленіп, суреттелген электрондық каталогтың ішіне енгізілді. Соны жобаны жүзеге асыру мақсатында Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына Сорос-Қазақстан Қоры Басқармасының және Будапешт қаласының Ашық Қоғам Институтының гранттары берілді. 

«Алаң» суреттелген электрондық каталогы «Кітапхана-4.02» бағдарламалық қамтамасыз ету күшімен жүзеге асырылды. 2011 жылдан бастап кітапхана  «Ирбис 64» автоматтандырылған кітапханалық ақпарат жүйесін қолданып жатыр.   Сонымен байланысты, жас оқырмандарға арналған «Алаң» суреттелген электрондық каталогы қазіргі уақытта қайта құрылып жатыр. Жақында балалар каталогы біздің сайтта жаңартылған нұсқада жарияланады.