Кітапхана 1976 жылы жасөспірімдерді адамгершілікке баулу және рухани тәрбиелеу мақсатында Қарағанды қалалық Халық депуттары Кеңесінің атқарушы комитетінің шешімімен ашылды. 







Директор қызметіне Белқожанова Роза Рысқанқызы тағайындалды, ол кітапхананы 20 жыл бойы басқарды. Кітапхана құрылған кезде облыс кітапханаларында жасөспірімдерге арналған абонементтер ашыла бастады, жастарды тәрбиелеу бойынша кітапхана қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдастырылып, жасөспірімдерге қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданыла бастады.

 

 

 








Кітапхананы 1997 жылдан бастап басқарған Гауһар Әбушахмақызы Бекбалакованың бастамасымен кітапхана жұмысында жаңа ақпараттық технологиялар енгізіле бастады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N1204 Қаулысымен Қарағанды қаласының облыстық жасөспірімдер кітапханасына зерттеуші, тілші, ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті тұрғыны Жайық Кагенұлы Бектұровтың аты берілді. 2001 жылдың 12 желтоқсанында кітапханада Ж.К. Бектұровтың мемориалдық кабинет-мұражайының салтанатты ашылуы өтті.

 

 

 

 

 



2017 жылдың қаңтар айынан бастап кітапхананың басшы орнына Каленова Нұргүл Қасымханқызы тағайындалды.

  

 

 





Кітапхананың міндеті:

Тәрбиелеу және жеке тұлғаны қалыптастыратын негізгі күрделі мәселелер: рухани даму, тәрбие, білім алу, кәсіпті талдау жөніндегі ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы жасөспірімдердің әлеуметтік қалыптасуына көмек көрсету.

 

Ұраны:

Ізденіс, талап, даму.

Қызметтің негізгі бағыттары:

жасөспірімдер, оқытушылар және тәрбиешілердің талаптарына сәйкес кітапхананың ақпарат қорын қалыптастыру, ұйымдастыру, пайдалану;

жеке тұлғаны әлеуметтендіру, оның рухани дамуына, үйлесімді тәрбиеленуіне, білім алуына көмек көрсету, жастарды отандық және дүниежүзілік мәдениетке баулу;

жастардың кітап оқуға ынтасын арттыру;

жасөспірімдерге кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету мәселелері жөнінде облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету, кеңес беру.

Кітапхана шығармашылық жаңартпашылық зертхана ретінде өскелен ұрпақты әлеуметтендіруде кітапханалардың ролін көтеру мақсатында жасөспірімдермен жұмыс жүйелілігін қамтамасыз ететін жаңартпашылық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады. Бұл жобалар мен бағдарламалардың көбісі Қазақстанда алғашқы рет қолданылып жатыр.

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының 2001 жылдан бастап өткізілетін Интернет-конференциялары оның қызметінің басым бағыттарының біріне айналды. Жастар назар аударатын әртүрлі тақырыптағы on–line тәртібінде өткізілетін сөз бөлісулер осындай кездесулердің жастар талаптарына сай келетіндігін дәлелдеп отыр. Мәскеу, Киев, Николаев, Шымкент, Қостанай, Орал, Петропавл – «Қазына» виртуалды әдеби салонының жиі қонақтары.

Кітапхана оқырмандарының жалпы саны - 14 мыңнан астам адам, негізгі контингенті – 15 жастан 24 жасқа дейінгі жастар. Кітапхананың кітап қоры 150 мыңнан аса әр түрлі бас