Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз» атты тарихи-музыкалық кеш өтті.

Мақсаты: жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін арттыру, еліміздің тарихын терең таныту және патриоттық рухын қалыптастыру.

Шараның спикері Абай атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Алшынбаева Мереке Айдосқызы Тәуелсіздік жолындағы маңызды кезеңдер мен тарихи оқиғалар туралы айтып, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне тоқталды. «Болашақ» жоғары колледжінің студенттері мен Абай атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары патриоттық өлеңдер оқып, күй тартып, ән шырқады. Ал «Кербез» би тобы кештің көркін келтірді. Сонымен қатар «Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара жас буынның ел тарихына деген құрметін арттырып, ұлтжандылық сезімдерін нығайтуға ықпал етті.