Error
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/gz_uniorlib/data/www/uniorlib.kz/images/project
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/gz_uniorlib/data/www/uniorlib.kz/images/2017/19_10
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/gz_uniorlib/data/www/uniorlib.kz/images/2017/24_10
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/gz_uniorlib/data/www/uniorlib.kz/images/2017/27_10/kaz
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/gz_uniorlib/data/www/uniorlib.kz/images/2017/02_11
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/gz_uniorlib/data/www/uniorlib.kz/images/2017/20_11
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/gz_uniorlib/data/www/uniorlib.kz/images/2017/23_11
  • JFolder: :files: Path is not a folder. Path: /var/www/gz_uniorlib/data/www/uniorlib.kz/images/2017/26_06
Notice
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/project
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/19_10
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/24_10
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/27_10/kaz
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/02_11
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/20_11
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/23_11
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/2017/26_06

Дәл осы жерден және қазір оқыңыз!

Сіз үшін онлайн оқуға арналған таңдаулар!

Қосылыңыз, пікір қалдырыңыз, ұсыныңыз!

  
Жазушы Жайық Кәгенұлы Бектұровтың шығармашылығы   

  

 

Бектұров, Ж. Енеден ерте айырылған төл секілді...[Электрондық ресурс] / Ж.Бектұров. - Алматы : Қазақстан, 2002. – 624 бет. – Режим доступа :
https://www.calameo.com/read/00447457908490806491c
( Кітаптың басы: 1-300 бет.).

Бектұров, Ж. Енеден ерте айырылған төл секілді...[Электрондық ресурс] / Ж.Бектұров. - Алматы : Қазақстан, 2002. – 624 бет. – Режим доступа :
https://www.calameo.com/read/004474579c2b59affb39b
( Кітаптың жалғасы: 301-624 бет.).


Бектұров, Ж. Ақиқаты осы еді [Электрондық ресурс] / Ж.Бектұров. – Алматы : Ғылым, 1995. – 116 бет. – Режим доступа : https://www.calameo.com/read/004474579bfc0a034097e

 

Бектұров, Ж. Жол Жоралғасы [Электрондық ресурс] : очерктер / Ж.Бектұров. - Алматы : Жазушы, 1977. - 87 бет. – Режим доступа : https://www.calameo.com/read/0044745793af761095da9

 

Бектұров, Ж. Өткел [Электрондық ресурс] : өлендер мен поэмалар / Ж.Бектұров. - Алматы : Жазушы, 1991. - 80 бет. - Режим доступа : https://www.calameo.com/read/0044745790cfe42b569c2

 

Бектұров, Ж. Таңба [Электрондық ресурс] / Ж.Бектұров. - Алматы : Қазақстан, 1997. - 304 бет. - (Замандастан мирас). – Режим доступа : https://www.calameo.com/read/004474579765875cdb1b4

 

Бектұров, Ж. Таңба [Электрондық ресурс] / Ж.Бектұров. - Алматы : Қазақстан, 2011. – 480 б. – Режим доступа :  https://www.calameo.com/read/00447457980339a3a9b11

2022 жылы

 

Жазушылар Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына және Әлжаппар Әбішевтің 115 жылдығына  арналған «Әдебиеттегі дара тұлғалар» облыстық өлкетану байқауының жеңімпаздары жарияланды.

 

 

«Үздік буктрейлер» номинациясы бойынша:

I орын - Сайрам Береке Дарханқызы, Қарағанды қ. «№ 65 ЖББМ» КММ 9 сынып оқушысы; үйлестіруші - Қарағанды қаласының ОКЖ жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша № 1 кітапхана-филиалы.

II орын - Төлбасы Динара Нұралиқызы, «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы, Приозерск ОКЖ.

III орын - Ахмаджанов Абдуллох, Қарағанды қ. «№48 ЖББМ» КММ оқушысы.

 

«Үздік иллюстрация» номинациясы бойынша:

 

I орын - Акимбаева Лана, Қарағанды қ. «№48 ЖББМ» КММ оқушысы - Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романы.



II орын - Ербол Елдос, академик Ә. С. Сағынов атындағы ҚарТУ 2 курс студенті, Қаражар ауылы, Бұқар жырау ауданы; үйлестіруші - «Бұқар Жырау ауданының ОКЖ» ММ - Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романы.



III орын - Амантай Жалғас Медетұлы, Қарағанды қ. «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия» КММ 11 «А» сынып оқушысы - Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романы.

 



«Үздік буктрейлер» номинациясы бойынша грамоталар мен ынталандыру сыйлықтарымен келесі қатысушылар марапатталды:

 

Шабатаева Дильназ Жасұланқызы – Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ 2 курс студенті, Бұқар жырау ауданы; үйлестіруші – «Бұқар Жырау ауданының ОКЖ» ММ аудандық орталық үлгілі кітапханасы

Төлеубаева Назерке– Академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ студенті, Балқаш қаласы; үйлестіруші – «Балқаш қаласының ОКЖ» КММ № 4 «Сырлас» кітапхана-филиалы.

Әбдірахман Зарина Нұрланқызы – Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің ІІІ курс студенті, Нұра ауданы; үйлестіруші-Нұра ОКЖ.

 

 

«Үздік иллюстрация» номинациясы бойынша грамоталар мен ынталандыру сыйлықтарымен келесі қатысушылар марапатталды:

 

Жанғазы Арлан Сағындықұлы – Қарой жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы, Қарой ауылы, Нұра ауданы; үйлестіруші-Қарой ауылдық кітапханасы, Нұра ОКЖ - Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін» романы.



 Коломицева Елизавета Владимировна - №1 мектеп – лицейінің 8 сынып оқушысы, Саран қ.; үйлестіруші – «Саран қ.ОКЖ» КММ №1 отбасылық оқу кітапханасы - Ғ.Мұстафин «Көз көрген» романы.



 Таирова Ольга Борисовна - №7 ЖББМ КММ 10 «А» сынып оқушысы, Шахтинск қаласы; үйлестіруші – «Шахтинск ОКЖ» КММ №1 кітапхана-филиалы - Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін» романы.



 

 

Байқауды ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы.

Байқауға 15-24 жас аралығындағы Қарағанды облысының жастары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Барлығы 8 ауданнан (Абай, Қарқаралы, Ақтоғай, Шет, Ұлытау, Нұра, Жаңаарқа, Бұқар Жырау) және Қарағанды облысының 8 қаласынан (Қарағанды, Приозерск, Саран, Шахтинск, Сәтбаев, Жезқазған, Теміртау, Балқаш) 77 адам қатысты.

Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:

«Үздік буктрейлер» номинациясы  - 41 буктрейлер тапсырылды.

«Үздік иллюстрация» номинациясы - 36 сурет түсті.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарында осындай туындыларды ұсынды:

Ғабиден Мұстафиннің: «Караганда», «Миллионер»,  «Шығанақ», «После бури», «Дауылдан кейін», «Очевидец» және т. б. романдары;

Әлжаппар Әбішевтің шығармалары: «Гроза», «Найзағай» романдары, «Саржан» әңгімесі, «Еңбек ері-ел еркесі» жинағынан әңгімелері және т. б.

 

Байқауға қатысушыларды білікті қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына:

1.Жарылғапов Жансая Жанғазыұлы – Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы (қазылар алқасының төрағасы);

2.Жетпісбаева Әсел Отарбекқызы – «Индустриальная Караганда» газетінің журналисті (қазылар алқасының мүшесі);

3. Қадырқұлова Дәмелі Жарыгенқызы - Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының бас сақтаушысы (қазылар алқасының мүшесі).

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Осы ереже «Абай - Ұлы даланың дара данышпаны» ХVІ Абай оқулары шеңберінде Абайға арналған Қарағанды облысының жастары арасында облыстық байқау өткізудің мақсаттары мен ережелерін анықтайды.

1.2 Байқауды ұйымдастырушылар:

- Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (құрылтайшысы);

- Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы (ұйымдастырушысы).

1.3 Осы Ереже байқауға қойылатын талаптар мен өтінімдерді беру мерзімдерін анықтайды.

 

                            2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Қазақ әдебиетінің көрнекті классигі Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын насихаттау;

2.2 Қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы оның ілімдері мен әдеби шығармалары арқылы жас ұрпақтың жоғары адамгершілігін қалыптастыру.

2.3 Талантты шығармашыл жастарды анықтау және қолдау, олардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру;

2.4 Әдеби және көркем талғамға тәрбиелеу, сондай-ақ көркем әдебиет арқылы ана тілін қолдану сапасын жақсарту.

 

                            3. БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

3.1 ХVІ Абай оқулары Қарағанды қаласында өтеді;

3.2 Байқау мемлекеттік тілде өтеді;

3.3 Байқауға Қарағанды облысының 15-24 жас аралығындағы жастары қатысады;

3.4 Байқау үш номинация бойынша өтеді:

  • «ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ» - ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сайысы;
  • «АБАЙ ӘНДЕРІ» - ақынның әндерін орындау, вокалдық сайысы;
  • «АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» - ақын туралы эссе жазу, прозалық сайыс;

Ескертпе: қатысушы тек бір ғана номинацияға қатыса алады.

 

4. НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

 

 

«ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ» номинациясы бойынша байқаудың талаптары мен шарттары

 

4.1 Бұл номинация бойынша қатысушылар Абайдың өлеңдерін  мәнерлеп жатқа оқиды;

4.2 Әр оқылым 3-5 минуттан аспауы керек;

4.3 Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады;

4.4 Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы керек.

 

      «АБАЙ ӘНДЕРІ» номинациясы бойынша байқаудың талаптары мен шарттары

 

4.5 Бұл номинация бойынша қатысушылар Абайдың әндерін музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды (домбыра, баян, жетіген және т. б.).

 

«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» номинациясы бойынша байқаудың талаптары мен шарттары

 

4.6 Бұл номинация бойынша қатысушылар жұмыстарды ұйымдастырушылардың This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекенжайына 2022 жылдың 16 қыркүйегіне дейін жібереді;

4.7 Эссе байқау тақырыбына сәйкес келуі керек, келесі критерияларға сәйкес рәсімделуі тиіс: А-4 форматы, Microsoft Word, Times New Roman шрифті, шрифт өлшемі 14, жоларалық интервал 1, 2 беттен аспауы керек;

4.8 Жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талаптарға сай келмейтін шығармалар байқауға жіберілмейді;

4.9 Байқауға жіберілген жұмыстар кері қайтарылмайды.

 

Қатысушылардың шеберлігін бағалау критерийлері

 

  • Мәнерлеп оқу шеберлігі: интонация, ым-ишара, сахналық образ;
  • Қатысушылар құрамы: жеке;
  • Таңдалған шығарманың бірегейлігі;
  • Орындаушының сыртқы келбеті (костюм, декорация)
  • Сахналық мәдениет, музыкалық өңдеу;
  • Орындаушылық шеберлік (дауыс диапазоны және т.б.).
  • Эссе тақырыбына сәйкес жазу стилін (баяндау, пайымдау, сипаттау) таңдай білу.

 

 

 

5. Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімдері

 

5.1 Төменде көрсетілген үлгіде өтінім толтырып, жеке куәліктің көшірмесі мен 3/4 фотосуретпен бірге 2022 жылдың 15 сәуірі мен 16 қыркүйегі аралығында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына) жіберу қажет;

5.2 Байқау 2022 жылы 20 қыркүйек күні сағат 11.00-де кітапханада өтеді;

5.3 2022 жылы 20 қыркүйек сағат 14.00-де әділқазылар алқасы қатысушылар арасынан үздіктерді іріктейді;

5.4  2022 жылы 28 қыркүйек сағат 11.00-де Абай ескерткіші алдында байқау жеңімпаздарынмарапаттау рәсімі өтеді.

 

6. Байқаудың қорытындысы

6.1 Қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін белгілі жазушылар, ақындар, әншілер, мұғалімдер мен журналистер арасынан қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасын төраға басқарады, ол шешім қабылдайды және қазылар алқасының жұмысына жауап береді. Хатшы қазылар алқасының шешімімен хаттама жасайды. Қазылар алқасы қатысушылардың жазбаларын бағалайды, байқау соңында нәтижелерін жариялайды.

6.2 Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

6.3 Марапаттау рәсімінде жүлделі орындарға ие болғандар Абайдың  өлеңдерін мәнерлеп оқуға мүмкіндік алады.

 

7. Жеңімпаздарды марапаттау

 

Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап (Бас жүлде, I, II және III орын), диплом мен қаржылай сыйлықтарды табыстайды.  

 *Жүлде сомасынан жеке табыс салығы ұсталады.

 

Мекен-жайы:

Қарағанды ​​қ., Ержанов к-сі, 8-А

Е-mail: karaganda_oub @ mail / ru

Сайт - http://uniorlib.kz/ru/.

 

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефондары:

Телефон: 8 (7212) 43-07-04; 43-06-50.

8 700 393 64 40; 8 702 189 00 4

 

ҚОСЫМША 1

 

«Өлең сөздің патшасы» номинациясына қатысуға өтінім

Сипаттама

Мәлімет

1

Қатысушының аты-жөні

 

 

2

Туған күні, айы, жылы

 

 

3

Оқу, жұмыс орны

 

 

4

Тұрғылықты мекен-жайы

 

 

5

Байланыс телефоны

 

 

6

Банктің атауы, шоттың 20 таңбалы нөмірі

 

 

ҚОСЫМША 2

 

«Абай әндері» номинациясына қатысуға өтінім

Сипаттама

Мәлімет

1

Қатысушының аты-жөні, қысқаша өмірбаяны (шығармашылық өмірбаяны, қатысқан байқаулары туралы мәліметтер)

 

2

Туған күні, айы, жылы

 

 

3

Оқу, жұмыс орны

 

 

4

Тұрғылықты мекен-жайы

 

 

5

Байланыс телефоны

 

 

6

Орындайтын әннің аты

 

 

7

Музыкалық аспапта ойнайтын адамның аты-жөні (егер болса)

 

8

Банктің атауы, шоттың 20 таңбалы нөмірі

 

 

ҚОСЫМША 3

 

«Адамзаттың Абайы» номинациясына қатысуға өтінім

Сипаттама

Мәлімет

1

Қатысушының аты-жөні

 

 

2

Автордың лақап аты

 

 

3

Туған күні, айы, жылы

 

 

4

Оқу, жұмыс орны

 

 

5

Тұрғылықты мекен-жайы

 

 

6

Байланыс телефоны

 

 

7

Банктің атауы, шоттың 20 таңбалы нөмірі

 

 

 


  1. 1.     ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1 Осы ереже Қарағанды облысының барлық өңірлерінен 15-24 жас аралығындағы жастар арасында III Бектұров оқуларын өткізудің мақсаттарын, міндеттерін және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2 III Бектұров оқуларының ұйымдастырушылары:

- Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (құрылтайшысы);

- Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы (ұйымдастырушы).

1.3 Осы Ереже байқауға қойылатын талаптарды және өтінімдерді беру мерзімдерін айқындайды;

1.4 Облыстық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады 

 

  1. 2.     БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2.1 Жастар арасында Жайық Бектұровтың шығармашылық мұрасын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жазушының өмірі мен шығармашылығы арқылы өз елінің тарихына, өткеніне деген қызығушылық пен құрметті ояту;

2.2  Жас ұрпақтың жалпы оқуға, атап айтқанда Жайық Бектұровтың шығармаларына деген ынтасын қалыптастыру;

2.3  Көркем әдебиетті насихаттау;

2.4 Поэтикалық сипаттағы шығармаларды мәнерлеп оқу дағдыларына үйрету;

2.5 Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, көркем әдебиет арқылы тіл мәдениетін арттыру;

2.6  Жас ұрпақты адамгершілік және зияткерлік тәрбиелеу;

     2.7  Жастардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау.

 

  1. 3.     БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ

 

3.1   III Бектұров оқуларының облыстық байқауы 2022 жылғы 14 қазанда сағат 11.00-де Қарағанды қаласында өтеді;

 

3.2   Байқау қазақ тілінде өткізіледі;

 

3.3   15-тен 24 жасқа дейінгі жастар қатысады;

 

3.4   Байқау екі номинация бойынша өтеді:

 

I  номинация: «Шежіре жүрек шерткен сыр»   

Ж. Бектұровтың «Енеден ерте айрылған төл секілді...» публицистикалық жинағынан үзінділерді байқауға қатысушының мәнерлеп жатқа оқуы;

 

ІІ номинация:  «Дәуір жыршысы»

Ж. Бектұровтың өлеңдері мен поэмаларын байқауға қатысушылардың мәнерлеп жатқа оқуы;

3.5                 Бір қатысушы номинациялардың біреуіне ғана қатыса алады;

3.6                 Оқылатын мәтіннің көлемі 3 минуттан аспауы тиіс.

 

Қатысушылардың шеберлігін бағалау критерийлері:

 

  • Мәнерлеп оқу шеберлігі;
  • Дауыс тәсілі және сөйлеу тазалығы;
  • Сахнада өзін ұстау мәдениеті;
  • Тақырыпты ашу;
  • Шығарма мәтінін білу.

 

4. ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

 

4.1                      III Бектұров оқуларының облыстық байқауына қатысу үшін төмендегі үлгіде өтініш толтырып, жеке куәліктің көшірмесі мен 3/4 фотосуретпен бірге 2022 жылдың 26 қыркүйегіне дейін Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына) жіберу керек.

 

4.2                      2022 жылғы 14 қазанда сағат 11.00-де III Бектұров оқуларының облыстық байқауы өтеді;

 

4.3                      2022 жылғы 14 қазанда сағат 15.00-де марапаттау рәсімі өтеді;

 

4.4                      Бір оқу орнынан байқауға тек екі қатысушы қатысады.

 

5. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

 

5.1 Қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін құзыретті мамандар арасынан қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамына белгілі жазушылар, ақындар, әртістер кіреді. Қазылар алқасының жұмысына басшылықты шешім шығаратын және қазылар жұмысы үшін жауапты болатын төраға жүзеге асырады. Хатшы хаттаманы қазылар алқасының шешімі бойынша ресімдейді.

5.2 Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды.

 

  1. 6.                 ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

 

Қазылар алқасы жеңімпаздарды (І, ІІ, ІІІ орындар және ынталандыру жүлделерінің иегерлерін) анықтайды, оларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.

Жүлде қоры сомасынан жеке табыс салығы ұсталады.

 

 

Мекен-жайы:

индекс 100009, Қарағанды қаласы, Ержанов к-сі, 8-а

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторы

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7212) 43-07-04, 43-06-50, 43-06-48; 87013583063 Қатаева Жұлдыз Ізтайқызы, сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесінің басшысы.

1 қосымша

 

III Бектұров оқуларының облыстық байқауына қатысуға өтінім

 

 

Сипаттамасы

Мәліметтер

1

Қатысушының аты-жөні

 

 

2

Туған күні, айы және жылы

 

 

3

Жұмыс орны, оқу орны, топ, сынып

 

 

4

Жауапты оқытушының аты-жөні, оның ұялы телефоны

 

 

5

Қай номинацияға қатысады

 

 

6

Тұратын мекен-жайы

 

 

7

Байланыс телефоны

 

 

8

Банктің атауы, шоттың 20 таңбалы нөмірі