Облыстық "Кітаптың сүйікті дәйексөзімен бөліс!» желілік акциясының қорытындысы шығарылды.

Жеңімпаздарды  жариялаймыз:

Жиренов Мухамедали – 1 дәрежелі Диплом (129 лайк) – Топар кентінің кітапхана-филиалының оқырманы, Абай ОКЖ @bibtopar

Жиренова Индира – 2 дәрежелі Диплом (113 лайк) - Топар кентінің кітапхана-филиалының оқырманы, Абай ОКЖ @bibtopar

Амантай Айсана – 3 дәрежелі Диплом (63 лайк) - Көктас ауылының № 1 үлгілік кітапханасының оқырманы, Қарақаралы ОКЖ @karkaralinsk.kitaphana

Балбаш Назым – Ынталандыру грамотасы (49 лайк) – Құлаайғыр ауылының №11 кітапхана-филиалының оқырманы, Абай ОКЖ @biblioteka_kulaaigir

Акция жеңімпаздарына сыйлықтар берілді, барлық қатысушылар сертификаттар алды.

Марапаттау рәсімі барысында Топар кенті кітапханасының жас оқырмандары мен қызметкерлері Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының 45 жылдығына орай "Құттықтау кітабы" мен квилт-стендте жылы тілектерін білдірді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және акцияның барлық қатысушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз! Келесі кездескенше!

#Бектуровка #областнаябиблиотека #юношескаябиблиотека #книги #чтение #любимыецитатыизкниг #вдумчивоечтение



 

«Батылдық – Мужество» жобасы аясында Жеңістің 75 жылдығына арналған «Помнит сердце, не забудет никогда» атты жастарға арналған республикалық интернет-байқаудың қорытындысы шығарылды

 

 

 

(Ұлы Отан соғысы туралы қазақстандық жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу).

 

 

 

2020 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы атап өтіледі. Аталарымыз жан аямай Отан үшін, елдің ертеңгі күні үшін, халқымыз үшін ерлік көрсетті, ерлікпен қаза тапты. 1941-1945 жылдары өмірін қиған батырларға, Отанымызды қорғап, жеңіске жеткендерге, бүгінгі күнге дейін бізбен бірге өмір сүретіндерге алғысымызды білдіреміз. Ата-бабаларымыздың ерліктерін мәңгілік есте сақтауға және келесі ұрпақтарға  аманат етуге міндеттіміз.

 

«Батылдық – Мужество» жобасы аясында Жеңістің 75 жылдығына арналған «Помнит сердце, не забудет никогда» атты жастарға арналған республикалық интернет-байқау арнайы айтулы күнге орай өтті. Интернет-байқау қазақстандық жазушылардың Ұлы Отан соғысы туралы шығармаларынан үзінділердің бейнеоқылымы түрінде өткізілді.

 

Байқаудың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы. Үйлестірушілері: Қазақстан Республикасының кітапханалары.

 

Интернет – байқаудың мақсаттары:

 

- Ұлы Отан соғысы туралы қазақстандық жазушылардың әдеби шығармаларымен танысуы;

 

- жастардың патриоттық сезімдерін, ел тарихына құрметпен қарауды  қалыптастыру, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің негізгі тарихи құндылықтарына қатыстылығын сезінуі;

 

- жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дамыту және қолдау, шығармашылық жетістіктерді насихаттау;

 

- жастар ортасында бос уақытты ұйымдастырудың түрлі нысандарын қолдау және жылжыту.

 

 

 

Интернет-байқаудың міндеттері:

 

- Қазақстан әдебиетінің үздік шығармаларының құндылығын сезінуін  тәрбиелеу;

 

- өскелең ұрпақтың жазушылардың өмірі мен әдеби шығармашылығына деген қызығушылығын дамыту;

 

- сауатты сөйлеу және оқу дағдыларын дамыту;

 

- әдеби және көркем талғамға тәрбиелеу.

 

Жеңістің 75 жылдығына арналған жастарға арналған «Помнит сердце, не забудет никогда» атты республикалық интернет-байқауға ҚР жастары, 15-24 жас аралығындағы кітапхана оқырмандары қатысты.

 

Интернет-байқауға Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарынан 78 адам қатысты. Интернет-байқауға Батыс Қазақстан облысының жастары белсенді қатысты.

 

Қарағанды облысын 4 аудан (Қарқаралы, Осакаров, Ақтоғай, Абай), 5 қала (Приозерск, Саран, Шахтинск, Сәтпаев, Жезқазған) ұсынды.

 

 

 

2020 жылдың 1 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында үйлестіруші-кітапханалар байқауға 88 өтінім ұсынды, оның 10-ы жас ерекшелігіне қарай келмеді. Интернет-байқауға қатысқан 78 жұмыстың ішінде қазақ тілінде - 54, орыс тілінде – 24 ұсынылды.

 

1 мамырдан бастап жіберілген жұмыстар Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ресми YouTube арнасына, арнайы плейлистке орналастырылды https://www.youtube.com/channel/UC4hUSaYAAx-1lerXjZyTKKw,

 

Ұнаған бейне үшін халықтық дауыс беру кітапхананың ресми YouTube арнасында 2020 жылдың 1 мамырынан 25 мамырына дейін өтті. Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп лайк жинаған бір жеңімпаз таңдалды.

 

Интернет-байқауға қатысушыларды білікті қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына: Смағұлов Жандос Қожахметұлы - ҚарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қасымова Сәуле Сүйіндікқызы - ҚарМТУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Ермек Балташұлы - журналист, жазушы, драматург, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Жетпісбаева Асель Отарбекқызы – «Индустральная Караганда» газетінің тілшісі, Романьков Владимир Сергеевич – журналист, публицист, филолог кірді.

 

Шығармашылық интернет-байқауға қатысушылар Ж. Жабаев, Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Аманжолов, А. Нұршайықов, Қ. Ысқақов және т.б. шығамаларын өздерінің бейнеоқылымдарында ұсынды.

 

Қазақстандық жазушылар мен ақындардың Ұлы Отан соғысы туралы шығармаларынан үзінділерді оқып, байқауға қатысушылар өздерін сол жылдар оқиғаларының куәгерлері болғандай сезінді. Сондықтан да мәнерлеп оқулар өте әсерлі, ардагерлерге деген құрмет сезіміне толы, бейбіт аспан астында өмір сүру және жасау мүмкіндігі үшін ризашылықпен толы болды!

 

Интернет-байқаудың қазылар алқасы шығармашылық жұмыстарды келесі критерийлер бойынша қарап іріктеді:

 

- оқылатын фрагменттің мағынасын түсіну;

 

- орындаудың эмоционалдығы және экспрессивтілігі;

 

- айтылудың айқындылығы, сөйлеу ырғағы мен қарқыны, логикалық екпін;

 

- шығарманың тақырыбын ашу тәсілінің бірегейлігі.

 

 

 

Бағалау бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылды.

 

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын Байқау ережесінде көрсетілген критерийлерге сәйкес лайықты бағалады.

 

 

 

Жеңімпаздар дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталған байқауға қатысушылар:

 

 

 

Интернет-байқаудың бас жүлдесін Сұлтанова Балжан иеленді. Бейнеоқылым – Әбділдә Тәжібаев «Мәншүктің монологі».

 

БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылы, Ащысай жалпы орта білім беретін мектеп - балабақшасының 8 «А» сынып оқушысы.

 

 

 

1 орын – Базарқұлов Руслан. Бейнеоқылым – Қасым Аманжолов «Дариға сол қыз». 

 

Қарағанды облысы, Саран қ., А. Құнанбаев атындағы СГТК 1 курс студенті.

 

2 орын - Бахарев Николай. Бейнеоқылым - Бауыржан Момышұлы «За нами Москва».

 

БҚО, Байтерек ауданы, Дарьинское ауылы, Дарьинка жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы.

 

2 орын - Зубков Илья. Бейнеоқылым – Қасым Қайсенов «Партизанской тропой».

 

ШҚО, Өскемен қ., дарынды балаларға арналған №34 мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 "Т" сынып оқушысы.

 

3 орын - Сансызбаев Айбат. Бейнеоқылым - Сансызбай Базарбаев «Боран батыр».

 

 Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Көктем қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы.

 

3 орын - Таупен Фироза. Бейнеоқылым – Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін». 

 

 БҚО, Бәйтерек ауданы, Зеленое ауылы, м. Өтемісов атындағы БҚМУ филология факультетінің І курс студенті.

 

 

 

 

 

Халықтық дауыс берудің жеңімпазы:

 

 

 

Ерменова Жанерке. Бейнеоқылым - Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты».

 

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Ақсай қаласы, №6 лицей-мектебінің 9 «А» сынып оқушысы.

 

 

 

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

 

Байқауға қатысушылардың ата-аналарына, оқытушыларына және үйлестіруші-кітапханаларға алғысымызды білдіреміз!

 

Интернет-байқаудың қорытындысы туралы ақпарат Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының www.uniorlib.kz. ресми сайтында және кітапхананың әлеуметтік желілерінің беттерінде орналасқан:

 

Facebook https://www.facebook.com/bekturovlib/,                                   

 

Instagram https://www.instagram.com/bekturov_library/

 

ВКонтакте https://vk.com/bekturovka





Кеңес Одағының Батырлары Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған «СОЛ ЖЫЛДАРДАҒЫ БАТЫРЛАР…»

республикалық жастар байқауы 

(«Батылдық- Мужество» Жобасы аясында)

 

«Сол жылдардағы батырлар…» Республикалық жастар байқауына 15-24 жас аралығындағы жастар қатысты. Жалпы саны - Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 71 қатысушы.

Қарағанды облысын 6 аудан (Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров, Шет) және 7 қала (Балқаш, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Теміртау) ұсынды.

Жіберілген жұмыстардың жалпы саны – 68, оның ішінде: "Эссе" – 52; "Буктрейлер" - 16.

 

Кеңес Одағының Батырлары Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың

100 жылдығына арналған «О героях былых времен…» республикалық жастар байқауының жеңімпаздары

 

«Эссе» номинациясы бойынша жеңімпаздар дипломдарымен және сертификаттармен марапатталды:

 

1 орын - Орманбек Эльмира «Кеңес Одағының батырлары Нұркен Əбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған» - Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің 3-курс студенті.

Кітапхана-үйлестіруші: Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы.

2 орын - Біләл Жангүл Таңатқызы «Ерлікке тағзым» - Қарағанды  облысы, Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылдық округі, Ә.Ермеков атындағы ЖББОМ 9-сынып оқушысы.

Кітапхана-үйлестіруші: Шабанбай би ауылдық округінің мобилді кітапханасы;

3 орын - Абзбаев Азат «И нам бы так уметь…» - Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы,  №5 ЖББОМ 11-сынып оқушысы.

Кітапхана-үйлестіруші: Бөрлі ауданының ОКЖ.

 

Ынталандыру сыйлықтары (Мадақтама және сертификат):

 

Ескермес Ділназ Жанғалиқызы «Әуені бағындарған қазақ» -Қарағанды  облысы, Қарағанды қаласы, Қарағанды  Облыстық  Жоғары  Мейіргерлік Колледжінің 1-курс студенті.

Кітапхана-үйлестіруші: Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.

Жақан Сағыныш Тілеубекқызы «Қанатын қомдаған жас қыран» - Қарағанды  облысы, Қарқаралы ауданы, Н.Әбдіров  атындағы №10 ЖОББМ 9-сынып оқушысы.

Кітапхана-үйлестіруші: Нұркен ауылының  кітапханашысы  Маякина  Бақытгүл.

Лопашинская Зинаида Витальевна «О героях былых времен…» - Қарағанды  облысы, Осакаров ауданы, №12 Орта мектебінің 11-сынып оқушысы.

Кітапхана-үйлестіруші: Осакаров поселкесінің Орталық аудандық кітапханасы.

 

 

«Буктрейлер» номинациясы бойынша жеңімпаздар дипломдарымен және сертификаттармен марапатталды:

1 орын - Қайырхан Нұрым «Қазақтың батыр ұлы – Қазыбек Нұржанов» - Қарағанды  облысы, Балқаш қаласы, № 9 мектеп, 10-сынып оқушысы.

Кітапхана-үйлестіруші:  № 4 «Сырлас» кітапхана-филиалы.

2 орын - Елешова Динара Айдынқызы «Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран» - Қарағанды облысы, Саран қаласы, Кітапханашы.

Кітапхана-үйлестіруші:  Саран қ. орталық қалалық кітапханасы.

3 орын - Қанағат Аяулым Ильясқызы «Нұркен Әбдіров» - Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, №2 жалпы орта мектебі , 9-сынып оқушысы.

Кітапхана-үйлестіруші:  Приозерск қалалық кітапханасы.

 

Ынталандыру сыйлықтары (Мадақтама және сертификат):

 

Иманов Дарын Елжанұлы «Ер Қазыбек» - Қарағанды  облысы, Балқаш қаласы, 8-сынып оқушысы.

Үйлестіруші: М.П.Русаков  атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатының кітапханашысы Анитова Светлана Айтмағанбетқызы,  Жетекшісі:  Жанат- Айдос  (тарих пәнінің мұғалімі).

Қабекешова Альбина Ақылбекқызы «Нүркен Әбдіров» - Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Абай атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы.

Кітапхана-үйлестіруші: Құрманғазы аудандық ОКЖ.

Голубева Анастасия Сергеевна «Парящий над землей. Нуркен Абдиров» - Шығыс Қазақстан, Өскемен қаласы, №9 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.

Кітапхана-үйлестіруші: Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

 

 

 

Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Есте сақтаймыз. Мақтан тұтамыз!»

облыстық интернет – фотобайқауы

(«Батылдық - Мужество» Жобасы аясында)

  

 

«Есте сақтаймыз. Мақтан тұтамыз!» облыстық интернет – фотобайқауына 15 – 29 жастар аралығындағы 36 үміткер қатысты.

Қарағанды облысынан 5 аудан (Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Шет, Осакаровка) және 4 қала (Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Приозерск) ұсынды.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

I орын – Каленов Ерназар Серікұлы – Жаңаарқа ауданы, Б. Амалбеков атындағы ЖООБ мектебінің 10 Б сынып оқушысы (1134 лайк)

Кітапхана үйлестіруші – «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Аудандық жасөспірімдер кітапханасы.

II орын – Тлеубеков Диас Серғалиұлы - Жаңаарқа ауданы, Б. Амалбеков атындағы ЖООБ мектебінің 10 Б сынып оқушысы (1018 лайк

Кітапхана үйлестірушісі – «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Аудандық жасөспірімдер кітапханасы.

III – орын – Амангелді Бақытнұр – Шет ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназия оқушысы (658лайк)

Кітапхана үйлестіруші – Шет аудандық кітапхана.

Алғыс хат және ынталандыру сыйлықтары:

Есенгулова Жауқазын Еркінқызы - Жезқазған қаласы № 8 гимназияның 10 сынып оқушысы (644 лайк)

Кітапхана үйлестіруші – Жезқазған қаласының ОКЖ Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

Айтжанова Майра Сайлаубековна – Приозерск қаласы, библиограф(69 лайк)

Кітапхана үйлестіруші – Приозерзск қалалық кітапханасы КММ.

Қанағатова Фариза Ильясовна - Приозерск қаласы, кітапханашы(57 лайк)

Кітапхана үйлестіруші – Приозерзск қалалық кітапханасы КММ.

Синельник Кристина Владимировна – Осакаров ауданы, «Центральное ауылының негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі (298 лайк)

Кітапхана үйлестіруші – Осакаров ауданы, Орталық аудандық кітапханасы.

Арна Дильназ Арнақызы – Абай ауданы, Ақбастау орта мектебінің 9 сынып оқушысы(153 лайк)

Кітапхана үйлестіруші - Абай ауданы орталықтандырылған кітапханасы

Сәрсен Лаула Абай ауданы, поселк Топар, Абай атындағы тірек мектебінің 10 сынып оқушысы (186 лайк)

Кітапхана үйлестіруші – Абай ауданы орталықтандырылған кітапханасы

Жиренова Индира - Абай ауданы, поселк Топар, Абай атындағы тірек мектебінің 10 сынып оқушысы (85 лайк)

Кітапхана үйлестіруші – Абай ауданы орталықтандырылған кітапханасы

Елтай Жансая - Абай ауданы, поселк Топар, Абай атындағы тірек мектебінің 10 сынып оқушысы (67лайк)

Кітапхана үйлестіруші – Абай ауданы орталықтандырылған кітапханасы

Сердалина Аяулым – Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданының О. Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінің 10 сынып оқушысы (84 лайк)

Кітапхана үйлестіруші – «Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Аудандық жасөспірімдер кітапханасы.

Қомар Абай Саранұлы – Ақтоғай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Шашубай кенті филиалының жаттықтырушысы (108лайк)

Кітапхана үйлестіруші – Ақтоғай аудандық ОҚЖ Шашубай кенттік модельді кітапханасы.