Нұргүл Қасымханқызы Қаленова

 

Қаленова Нұргүл Қасымханқызы, 29 қараша 1967 жылы туған.

Еңбек жолын 1984 жылы Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапханасында кітап қорын толықтыру бөлімінің кітапханашы қызметінен бастаған.

1989 жылы - Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген.

1989 – 1997 жылдары –Ақтоғай аудандық орталық кітапханасында еңбек етті.

1997 жылы Н.Қ. Қаленова Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына жұмысқа тұрды.

2009 жылы ақпараттық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарды.

2015 жылы директордың орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы қызметінде.

Н.Қ. Қаленова кітапхана ісі тәжірибесіне жаңа технологияларды енгізу жұмыстарының алғашқы бастауында тұрды, бірнеше әдістемелік-библиографиялық құралдардың, қоғамдық-саяси және кәсіби басылымдардағы мақалалардың авторы. Қазақстанның кітапхана саласындағы ағымдағы тақырыптағы әртүрлі кәсіби конференциялар, семинарларға белсенді қатысып, баяндамалар жасайды.

2014 жылдың маусым айында Санкт-Петербург мемлекеттік өнер және мәдениет университетінің (СПбГУКИ), қосымша кәсіби білім Орталығының «Халықаралық жазғы кітапханалық мектеп» тақырыбында өткен біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2016 жылы Н.Қ. Қаленова «Кітапхана ісінің үздігі»  ҚР Ұлттық кітапханасының төсбелгісімен марапатталды (Алматы қ.).

2019 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жоғары кәсіби жұмысы үшін бірнеше рет алғыс хат және мақтау қағаздарымен марапатталған