Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында абайтанудың негізін қалаушы, көрнекті ғалым Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Қайсар қайраткер, ғұлама ғалым» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты ел тарихымен таныстыру, тарихи тұлғалардың еңбегін бағалауға баулу және ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Кеш барысында Қайым Мұхамедхановтың қазақ руханиятындағы айрықша орны, Абай мұрасын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі, әдебиет пен ғылым саласына сіңірген қызметі жан-жақты таныстырылды.
Шараға қатысқан «Қарағанды технология және сервис» @kktisz75 колледжінің студенттері Ж.Бектұров музей-кабинеті қорында сақталған деректі құжаттармен, фотосуреттермен, хаттармен танысып, ғалымның өмір жолы, шығармашылық мұрасы және абайтану ғылымының қалыптасуына қосқан үлесі туралы құнды мәліметтер алды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/2016-20-a-tar-2026#sigFreeId793b9458b5
