21 қаңтар күні ақпараттық-библиографиялық бөлім қызметкерлері Қарағанды облысының 90 жылдығы аясында «Облыс тарихындағы жасөспірімдер кітапханасы» атты Қарағанды көлік–технологиялық колледжінің 1 курс студенттеріне көшпелі танымдық іс-шара өткізді.
Мақсаты – туған өлкенің тарихын өскелең ұрпаққа кеңінен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Іс-шара барысында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының мерейтойына байланысты кітапхананың тарихына қатысты ақпараттар айтылды, буклет, жадынама таратылды. Қарағанды облысының құрылуы, тарихы жайында бейнеролик көрсетілді.
«Кітап оқитын ұлт» жобасының «Кітап оқитын колледж» бағытындағы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер: Алмас қылыш», Дулат Исабековтің «Қарғын», Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Стивен Кови «Жасампаз адамның 7 қабілеті», Юваль Ной Харари «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» атты шығармаларына шолу жасалды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/2018-21-a-tar-2026#sigFreeId8d37cd8a9b
