Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Табиғатпен үндес өмір» атты «Экоразум» жастар экологиялық бірлестігінің жұмысы аясында экологиялық ойын-викторина өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімдердің табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру, табиғат құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты қоршаған ортаны аялауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Іс-шараға №48 мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы қоршаған ортаны қорғаудың маңызы, табиғатты сақтау жолдары туралы кеңінен мағлұмат беріп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Ұйымдастырылған экологиялық викториналық ойынға оқушылар белсенді түрде қатысып, өз білімдерін көрсетіп, ой-пікірлерін ортаға салды. Шара соңында «Табиғатпен үндес өмір» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/2020-21-a-tar-2026-2#sigFreeId02b1daf55e
