5 ақпанда Қарағанды қ. Одақтар үйінде "Өзін-өзі реттеу бойынша өзекті мәселелер" тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны "Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіби одағы" ҚБ ұйымдастырды. Семинарға Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің басшысы М. Х. Фахрутдинова қатысты.

Семинарға қатысушылар мәдениет және спорт ұйымдарының өкілдеріне, өз-өзін дамытудағы жаңа технологиялар мен білім алушыға өмірлік немесе кәсіби мақсатқа жетуге көмектесетін өзін-өзі реттеу бағдарламасымен танысуға мүмкіндік берiлдi. Іс-шара барысында мастер- класты спикер-психолог, диагностика және әлеуетті ашу бойынша коуч, Cash Flow қаржылық бизнес ойын-тренажерінің сертификатталған тренері А. Е. Макишева өткізді.