14 қараша күні Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ ССР кәсіптік техникалық білім беру жүйесінің үздігі, сазгер Бақытқали Мұсабеков «Жасампаз елдің жігерлі жастары» жобасы аясында «Сегіз қырлы бір сырлы»: тұлға қалыптастыру тренингін өткізді.

Тренингке кітапхана оқырмандары, Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің студенттері белсене қатысты. Шараның негізгі мақсаты – жеке тұлғаны сөз өнеріне, тіл шеберлігіне, даралық пен білімдарлыққа, өзін – өзі басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.

         Тренинг қатысушыларға танымдық бағыт – бағдар берді.