12-ші қыркүйекте жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің өнер және мильтимедиа залында орыс композиторы, ғалым-химик, медицина ғылымдарының докторы Бородин Александр Порфирьевичтің шығармашылығына арналған «Богатырская музыка Бородина» кітап көрмесі қойылып, оқырмандарға шолу жасалды. Кітапханашы А. Бородиннің өмірбаянына қысқаша тоқталып, оның елеулі шығармасы — орыс ұлттық музыкасындағы қаһармандық эпостың үлгісі  “Князь Игорь” операсына тоқталды. Оның эпикалық романс-балладалармен (“Теңіз”, “Ну орман әндері”) қатар әзіл-сықақ әндері насихатталды.

Сондай-ақ оқырмандарға XIX-шы ғасырдың 50-60 жылдары композитор М. Балакирев бастамасымен құрылған «Мықты түйін» (Могучая кучка) шығармашылық бірлескен ұйым туралы деректермен қоса, А. Бородиннің осы ұйымға кіріп, М. Балакирев, М. Мусоргский, Н. Римский-Корсаков,  Ц. Кюи сынды атақты музыканттармен қатар шығармашылық бірлікте болғандығы айтылды.Үйірменің идеологиялық шабыттандырушысы және музыкалық емес негізгі кеңесшісі - өнертанушы, жазушы және мұрағатшы В.Стасов болды.