Дәстүр бойынша 1 қыркүйек - білім күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының мамандары жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылар мен студенттерге арналған әр түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады.

Бірінші мектеп күні оқырмандарға есте қаларлықтай болуы үшін кітапханашылар мереке форматында мазмұнды және қызықты бағдарлама дайындады.

Балаларға қызмет көрсету бөлімінде Ашық есік күні өткізілді. Кітапханаға №48 ЖББОМ, №97 және №45 гимназиялардың оқушылары қатысты. Іс-шара барысында балалар мектеп туралы өлеңдер айтып, көңілді әндер айтты.

Жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінде «Кітап-білім көзі» атты интеллектуалдық квиз ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар өздерінің жақсы білімдерін көрсетіп, мектеп оқулықтарының шеңберінен шығатын қызықты, әр түрлі сұрақтарға белсенді жауап берді, қажетті және пайдалы ақпарат алды.

Ақпараттық-библиографиялық бөлімде оқушылар үшін «Кітапханамен танысу» атты ақпарат күні ұйымдастырылды.

Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері бөлімшесінің қызметкерлері «Ж. Бектұровтың мұражай-кабинетіне саяхат» атты экскурсия өткізді. Мұражай-кабинет экспозициясымен танысып, оқушылар қазақстандық жазушы, аудармашы, журналист - Жайық Кәгенұлы Бектұровтың жеке заттарын көріп, оның кітапханасынан кітаптарды қарап шықты. Балалар біздің кітапханамызға есімі берілген жазушы және қоғам қайраткердің өмірі мен қызметі туралы көптеген қызықты фактілерді білді.

Сондай-ақ осы күні оқырмандарға қызмет көрсететін барлық бөлімдердің қызметімен таныстыратын кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Жаңа оқу жылының қарсаңында кітапхана бөлімдерінде әртүрлі жастағы оқушыларға арналған қызықты тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды: «Здравствуй, школьная пора!», «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» - «Звени звонок веселый!» ж.т.б. Көрмелерде балаларға оқуда көмек көрсететін, оқырмандарды қызықты ғылымдармен таныстыратын және балаларды өз ойларын жеткізуге үйрететін басылымдар ұсынылды.

Бұл кітап экспозициялары қыркүйек айының ортасына дейін жалғасады.

Мереке жарқын, қызықты және танымды болды.

Осындай іс-шараларды өткізу оқытушыларға оқу үрдісінде көмектеседі, оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттырады, олардың ой-өрісін кеңейтеді, балалардың кітап пен кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.