3-ші қыркүйек күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына Қазақстан кітапханаларының ең ірі ғылыми-әдістемелік орталығы – Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының мамандары Г. Б. Смағұлова, К. Д. Әлібекова, А. С. Жұмаева келді.

Мамандар Қарағандыға кәсіби тәжірибе алмасу аясында келді. Біздің қонақтарымызды Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкерлері қарсы алды. Алматы қаласынан келген әріптестерімізге кітапхана залдары бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді.

Кітапхананың әр бөлімінің мамандары жастар арасында кітап және кітап оқуды насихаттау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Кітапханамызға есімі берілген Жайық Кәгенұлы Бектұровтың мемориалдық мұражай-кабинетінің экспозициясы қонақтарымыздың үлкен қызығушылықтарын тудырды. Кездесудің соңында ҚР ҰК мамандары Ж.Бектұров атындағы ОЖК ұжымына жаңа табыстарға жетулеріне тілек білдірді.