Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында журналистер одағының мүшесі, еліміздің қаламы қарымды журналист Серікбай Алпысовтың қызы, Анар Алпысованың «Әке аманаты» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітапқа Серікбай Алпысовтың «Торғай таңы», «Орталық Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Қостанай таңы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарық көрген туындылары, очерктері мен әдеби-сықақ әңгімелері, автордың көзі тірісінде қызына айтып кеткен аманаты бойынша іріктеліп енгізілген. Аталмыш іс-шараға С. Алпысовтың әріптестері, туыстары, көршілері, дос-жарандары қатысты. Қазақстан Жазушылыр одағының мүшесі, журналист-қаламгер Сүйіндік Жанысбай, Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы және журналистер конгресі сыйлықтарының лауреаты Ермек Балташұлы С. Алпысовтың журналистік өмір жолынан өнегі естеліктерімен бөлісті.

Аманатқа қиянат жасамаған қызы Анар Алпысова «Әке аманаты» атты кітапты жарыққа шығарды.