2 маусым күні жасөспірімдерге қызмет көрсету бөліміннің мерзімді басылымдар мен мультимедиа залында 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер–намысымызды қорғайтын ұлы құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне кітапхана қорынан алынған кітаптар қойылды.  Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Келген оқырмандарға кітап көрмесіне шолу жасалды.

4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған - «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш»  атты  тақырыптық сөре, блиц сауалнама оқырмандармен өткізілді. Іс-шараның мақсаты : жас өркендерді  мемлекеттік нышандарды құрметтеуге баулу,  олардың бойларына патриоттық сезімді қалыптастыру .

Іс-шара барысында балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы  Гүлімжан Рымхановна балаларға Қазақстан Республикасының 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады-деп атап айтты. Мерекелік шараға белсенді оқырмандары қатысты. Олар Қазақ елінің ән ұранын орындап, С.Назарбекұлы «Отаным менің» өлеңдерін оқып берді. «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш»  атты  тақырыптық сөре оқырмандарға насихатталды.

Іс-шараға қатысқан барлық балалар пайдалы ақпаратпен танысты және өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді.