1 маусым күні Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты кітап десантын өткізді. Бұл іс-шараға «Құлыншақ» балалар үйінің жас оқырмандары қатысты. Мереке ашық аспан астында өтті.

Кітапхана алдындағы алаң шарлармен безендірілді, ағаштардың арасына тартылған жіптерде кітапшалар ілінген - жел балаларды шақырғандай кітап беттерін парақтады. «Өлкенің гүл жайнаған балғындары»  кітап көрмесінде әр бала түрлі-түсті кітаптарды қолдарына алып қарады.

Мереке жүргізушісі, балаларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жарқынай Мусилимовна Зарубекова балаларды «Балаларды қорғау күні» мерекесінің шығу тарихымен таныстырды. Балалар үйінің қонақтарын ертегі кейіпкерлері - Алдар Көсе, Баба Яга, Крокодил Гена қарсы алды. Ертегі кейіпкерлері алаңда мерекелік көңіл-күй орнатты. Мейірімді Крокодил Гена (Ратникова Людмила Георгиевна) «Водица» және «Шариктер мен шелектерді кім тезірек жинайды» атты шыдамдылық пен ептілікке баулитын көңілді ойындар өткізді.

Жаңа кітаптармен танысуда «Сторисек» қызықты әдісі қолданылды. Көңілді Алдар Көсе (Зарубекова Жарқынай Мусилимовна) мерекеге қаппен (Сторисек) келді. Қапшықта жатқан кітаптар мазмұнынан балалар Ертегілер әлемінде оларды күтетін қызықты оқиғаларды ойлап тапты.

Көптеген ертегілердің кейіпкері-сүйкімді Баба Яга (Аширова Алтынай Рамазановна) балалармен Пушкиннің «У Лукоморья» ертегілері бойынша тамаша сұрақ-жауап сайысын өткізді.Шетел ертегілері кейіпкерлерінен келген құттықтау жеделхаттары оқылды, қызықты эстафеталар өткізілді.

Бұл іс-шараның ерекшелігі «Теремок» ойын-эстафетасы болды, онда балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлін өздері орындады. Ойын театрландырылған қойылым түрінде өткізілді. Балалар үлкен қызығушылықпен және ынтамен қойылымға қатысты. Балалардың оқуды жақсы көретіндігін және көптеген ертегілерді жатқа білетіндігін атап өтуіміз керек.

Барлық балалар сұрақ-жауап сайысына белсенді қатысып, түрлі сұрақтарға жауап берді, ал дұрыс жауаптар үшін марапатқа тәтті сыйлықтар алды.

Балалар үлкен қызығушылықпен «Өз күніңнің суретін сал!» акциясына қатысты. Балалар асфальт үстінде күн суретін өздері елестетіндей - мейірімді, шуақты, көңілді болып салды. Мерекеде балалар шаттана күліп, ойындар мен сайыстарға жақсы көңіл-күймен қатысты.

Балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері дайындаған мереке ойдағыдай өтті. Өйткені, балалардың күлкі мен жақсы көңілінен артық ешнәрсе жоқ.

Іс-шараның соңында кітапхана балаларға сыйлық ретінде «Білім байлықтан қымбыт» кітаптар сериясын ұсынды.