Кітапханаға біздің жаңа серіктесіміз, суретші, дизайнер, Қарағанды облысы бойынша зерттеуші, әрі «Пока не исчезло в Караганде» жалғасып жатқан зерттеу жобасының авторы Юлия Александровна Ляндаевадан «1930-1950 жылдардағы Қарағанды сәулетіндегі қазақ ою-өрнегі» кітап-альбомының екі данасын сыйға тартты.
2025 жылы Қарағандыда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген альбом суретшілерге, дизайнерлерге, сәулетшілерге, зерттеушілерге, студенттерге және Қарағанды тарихын зерттейтін кез келген адамға қызықты болады.
Басылымның оқырмандары қаланың қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары безендірілген қазақ ою-өрнегінің алуан түрлі нұсқаларын егжей-тегжейлі карап, зерттей алады.
Кітапхана әкімшілігі Юлия Александровнаға осы Жаңа жылда оқырмандарымызға жасаған тарту сыйлығы үшін алғыс білдіреді.
Баршаңызды жаңа кітаптарды оқуға шақырамыз!
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/2014-19-a-tar-2026#sigFreeIdf619308075
