Жазушы, журналист, публицист, ақын, драматург Сәттар Ерубаевтың 100-жылдығына арналған жастардың «Біз құрдастармыз» республикалық шығармашылық байқауы туралы

ереже

1.    Жалпы ережелер

1.1 Ереже жастардың «Біз құрдастармыз» республикалық шығармашылық байқауының мақсаттары мен міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін белгілейді.

1.2. Байқау Қарағанды қаласының 80-жылдығына және Сәттар Ерубаевтың 100-жылдығына арналған іс-шаралар аясында жарияланады.  

            2014 жылы «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен жазушы, журналист, публицист, ақын, драматург Сәттар Ерубаевтың 100-жылдығына арналған «Уақыт арқылы көзқарас» республикалық оқырмандар конференциясынөткізедіконференция барысында жастардың «Біз құрдастармыз» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі.  

 

2. Мақсаттары мен міндеттері

  • Жастарды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу;
  • Жазушы, журналист С. Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу және насихаттау;
  • Жастарды ел тарихы, өзінің туып-өскен өлкесінің тарихы туралы кітаптарды оқуға баулу;
  • Шығармашыл жастарды анықтау және олардың шығармашылық әлуетін ашу.

 

3. Байқауды өткізу мерзімі: 2014 ж. қаңтар-қараша айлары

 

4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Байқау үш кезеңде өтеді.          

1 кезең (2014 ж. қаңтар-ақпан айлары): Ережені әзірлеу, Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында бекіту, материалдарды Қазақстан Республикасы бойынша жіберу;

2 кезең (2014 ж. наурыз-қыркүйек айлары): Ж. Бектұров атындағы ОЖК өтінімдер мен байқау жұмыстарын қабылдау;

3 кезең (2014 ж. қазан-қараша айлары): байқаудың қазылар алқасының жұмысы, жеңімпаздарды анықтау, салтанатты марапаттау рәсімі.

 

4.2. Байқауға С. Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жұмыстар мынадай номинациялар бойынша ұсынылады:

·                    Эссе;

·                    Иллюстрациялар;

·                    Буктрейлер (пайдаланушыларды кітап оқуға тартуға мақсатталған анонс, жарнама, кітаптың аңдатпасы түрдегі қысқаша ролик).

 

4.3. Тақырыптар:

  • Найзағайдай жарқ еткен ғұмыр
  • Сәттар Ерубаев – ақын
  • «Менің құрдастарым»: дәуір тынысы
  • «Менің құрдастарым»: замандастар бейнесі
  • «Менің құрдастарым»: кеншілер бейнесі
  • Ескі романның жаңа мұқабасы (С.Ерубаев романының өз мұқабасы және ұсынылатын нұсқа)
  • Кітаптың жарнамасы (бейнеролик)

4.4. Эссеге қойылатын талаптар:

1.      Мәтін стиліне сәйкес (эссе), тақырыпты ашатын болуы тиіс.

2.      Мәтінге қойылатын талаптар:

·                       Компьютерлік терілім,

·         Парақ форматы А4,

·                       Стандарттық параметрлер,

·         Қарпі: Times New Roman, жол арасы - 1,5,

·         Көлемі– сөздер арасындағы бос орынмен қоса 8000 белгіден артық емес.

 

4.5. Иллюстрацияларға қойылатын талаптар          

            С. Ерубаевтың шығармаларына иллюстрациялар, «Менің құрдастарым» романының мұқабасы әртүрлі техникамендәстүрлі түрде де, графикалық редакторлар қолданылуымен де орындалуы мүмкін.

 

4.6. Буктрейлерге қойылатын талаптар

            Қатысушы байқауға С.Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы немесе оның шығармалары туралы буктрейлер түріндегі шығармашылық жұмысты ұсынады.

            Буктрейлерге қойылатын талаптар:

Пішіні – еркін (*.avi, *.mpg, *.mp4 ж.т.б. пішіндер). Буктрейлердің ұзақтығы –30 секундтан кем емес, 3 минуттан артық емес болуы тиіс.

 

5. Байқаудың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы

Жұмысты үйлестіру және ұйымдатсрыу мақсатымен байқаудың ұйымдастыру комитеті құрылады. Жұмыстарды бағалау және номинациялар бойынша жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы сайланады, оның құрамына Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының, Ж. Бектұров атындағы ОЖК-сының, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы Қарағанды бөлімінің, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы Қарағанды бөлімінің өкілдері кіреді.  

Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды байқаудың әр номинациясы бойынша осы ережеде белгіленген критерийлер бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.

 

6. Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері

    Ұсынылған жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестігі;

    өзіндік шығармашылық ой-байлам, шығармашылық жаңалығы, тақырыпты таңдау мен оны дәйектеу ерекшелігі;

    көркемдік шеберлік;

    иллюстрацияланған жұмыстың эстетикалық қасиеттері: композициялық және түстік шешім, бейнелілігі ж.т.б.;

    жалпы эмоциялық қабылдау.

 

7. Байқаудың шарттары

Байқауға Қазақстан Республикасының 15-24 жас аралығындағы жастары қатыса алады.  Өтінімдерді байқауға қатысушы немесе кітапханалар-үйлестірушілер жібереді.

 

Өтінім үлгісі:

   Қатысушының аты-жөні (қатысушылардың);

   Жасы;

   Қысқаша өмірбаяны (эссе);

   Кітапхана-үйлестіруші (атауы, мекен-жайы, телефоныe-mail);

   Номинация;

   Жұмыстың сипаттамасы (атауы, қысқаша сипаттама, орындау техникасын сипаттау);

   Оқу орны (сыныбы, курсымамандығы), жұмыс орны (мамандығы);

   Байланысe-mailмекен-жайы, телефоны.

            Қатысушылардың жұмыстары Ж. Бектұров атындағы ОЖК-сының мекен-жайына немесе электрондық адресіне жіберіледі.

            Мекен-жайы: 100009, Қарағанды қ., Ержанов к., 8 «а».

            Электрондық пошта адресі: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

            Байланыс телефондары: 8(7212)  43-07-04, 8(7212)  43-06-48.

 

8. Жұмыстарды тіркеуден бас тарту ережелері

8.1.Байқаудың ұйымдастыру комитеті төмендегідей жұмыстарды тіркеуден бас тарту құқығына ие:

―                Қатысушының авторлығы шүбә тудырған жағдайда (мәселе айқындалғанға дейін);  

―                Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен жұмыстар;

―                Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жұмыстар;

―                Қоғамдық тәртіптің этикалық нормаларына сай келмейтін, нормативтік емес лексика,адамның намысына тиетін сөздер қамтылған, зорлық-зомбылыққа шақыратын жұмыстар ж.т.б.;

―                Осы ережеде білгіленген ережелер мен техникалық талаптарды сақтамай орындалған жұмыстар.

8.2.Талаптарға сай келмейтін жұмыстар байқауға қатысудан шығарылады. Байқау әкімшілігінің бұндай жұмыстарды себебін түсіндірмей, байқаудан шығаруға құқығы бар.  

8.3. Авторлық құқықтардың сақталушылығы үшін жауапкершілік жұмысын байқауға жіберген қатысушыға жүктеледі.

8.4. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды, оған рецензия берілмейді.

8.5. Байқауға ұсынылған шығармаларды кейінгі кезде коммуникативтік және ақпараттық іс-әрекетте пайдалануға авторлардың рұқсаты берілді деп есептелінеді. Байқау ұйымдастырушылары жастар шығармашылығын насихаттау үшін туындыгерлікті сақтап, жұмыстарды пайдалана алады.

 

9. Марапаттау

Жүлде қорын қаржыландыруды байқаудың ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар дипломдармен, мақтау қағаздарымен, бағалы жүлделермен марапатталады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Уақыт арқылы көзқарас» атты Республикалық оқырмандар конференциясының барысында өткізіледі.

            Байқаудың қорытындылары туралы қатысушылар-жеңімпаздар, кітапханалар-үйлестірушілер электрондық пошта арқылы хабарланады, байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат және олардың жұмыстары Ж. Бектұров атындағы ОЖК сайтында http: // uniorlib.kz/ жарияланадыақпарат БАҚ-ына беріледі.

 

Байқаудың қорытындылары бойынша байқау жеңімпаздарының эссе жинағы шығарылады, С. Ерубаевтың шығармаларын бейнелейтін жұмыстар кітапхананың көрмесінде ұсынылатын болады.