ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2023

 


 «Тарих. Тұлға. Тағдыр» жобасы аясында өткізілген іс – шаралардың сценарий жинағы [Мәтін] (Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер  кітапханасының жұмыс тәжірибесінен) : II шығарылым / Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторы; құраст. Н.Қ. Каленова, Ж.И. Катаева; компьютерде беттеген Ж.И.Катаева. – Қарағанды, 2023. – 49 б.

  

Жинаққа әр түрлі оқырмандар тобына арналған Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Тарих. Тұлға. Тағдыр» атты жобасы аясында өткізілген іс – шаралардың сценарийлері енгізілген.

https://www.calameo.com/read/0075091957bd92c73c546

 





Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған Қарағанды облысының жастары арасында өтетін «Сүйікті қалам - Қарағанды!» атты  облыстық өлкетану фото-байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

Осы ереже фото-байқауды (әрі қарай – Байқау) ұйымдастыру мен өткізудің мақсат-міндеттерін, қатысушыларды іріктеу тәртібі мен өткізу мерзімін айқындайды.

Байқаудың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ болып табылады.

 

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

 

  • Жастардың бойында азаматтық және отаншылдық сезімдерін ояту, өз қалаларының тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
  • Туған қаласына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін фотоөнер арқылы білдіруге мүмкіндік беру;
  • Жастардың эстетикалық талғамын қалыптастыру;
  • Жас ұрпақтың шығармашылық белсенділігін қолдау;
  • Фотосурет саласында кәсіби және көркемөнер шығармашылығын дамыту және насихаттауға ықпал жасау.

 

3. Байқауды өткізу мерзімі: 2024 жылдың ақпан-қараша айлары

 

4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі 

 

Байқау екі кезеңде өтеді.

  • 1 кезең (2024ж. қаңтар – ақпан айлары): Ережені әзірлеу, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бекіту, кітапханалар-ұйымдастырушылардан фотобайқауға қатысуға және Ж. Бектұров атындағы ОЖК-сының ресми сайтында http://www.uniorlib.kz. жариялауға ұсынылған фотожұмыстар бойынша өтінімдерді қабылдау.
  • 2 кезең (2024 ж. қазан-қараша): байқаудың қазылар алқасының жұмысы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

 

4.2. Фотобайқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

І номинация:

  • «Үздік фото» (Қарағанды қаласының көрікті жерлерінің, архитектуралық ескерткіштердің, әдемі ғимараттардың суреттері) сипаттамасымен;

ІІ номинация:

  • «Үздік фото-коллаж» (атақты жерлестеріміздің есімдері берілген қала көшелеріне тақырыбын ашатын компьютерлік графикада коллаж жасау) толық сипаттамасымен.

4.2.1. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

  • Фотобайқауға мәлімделген тақырып бойынша авторлық фотожұмыстар қабылданады;
  • Фотобайқауға қатысушыға жатпайтын жұмыстарды пайдалануға тыйым салынады;
  • Фотобайқауға азаматтардың ар-ожданына нұқсан келтірмейтін, ҚР-сының және ҚАР-сының заңдарына, сонымен қатар əдет-ғұрып нормаларына қайшы келмейтін фотосуреттер қабылданады;
  • Әр қатысушы тек бір номинацияға ғана қатыса алады.  «Үздік фото» номинациясы бойынша бір автордан 2 фотодан артық жұмыс қабылданбайды. «Үздік фото-коллаж» номинациясы бойынша қатысушы 1 авторлық жұмысты тапсыра алады.  
  • Байқау жұмыстары электрондық түрде Ж.Бектұров атындағы ОЖК karaganda_oub@ mail.ruэлектронды поштасына қабылданады.
  • Жұмыстармен бірге сауалнама-өтінім берілуі тиіс, өтінімде қатысушының толық аты-жөні, жасы, мекен-жайы, байланыс телефоны, оқу орны немесе жұмыс орны, номинация, жұмыстың атауы, көрсетілуі тиіс

 

Электрондық түрдегі суреттерге қойылатын талаптар:

  • Сапасы жоғары (2480х3508 px. кем емес), файл форматы jpg;
  • Интернет жүйесінен көшірілген, дайын үлгілер пайдаланылып жасалған  фотосуреттер қарастырылмайды.

 

4.2.2. Фотобайқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

  • қатысушылар жасы 15 пен 2жас аралығы;
  • Фотобайқауға фотосуреттердің авторы ғана қатыса алады;

 

5. Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы

 

  • Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын Байқаудың қазылар алқасының қызметін атқаратын Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
  • Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдарға талдау жасап, бағалап, ең үздік материалдарды анықтайды және Фотобайқаудың жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады.
  • Ұйымдастыру комитеті арнайы жүлделерді, ынталандыру дипломдарын жариялай алады.

 

6. Байланыстар 

Фотобайқаудың ұйымдастырушысы: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ. 

Байланыс телефондары: 8(7212)  43-07-04, 8(7212)  43-06-48.

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

7. Марапаттау 

Жүлде қорын қаржыландыруды байқаудың ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар бірыңғай үлгідегі дипломдармен, мақтау қағаздарымен, бағалы жүлделермен марапатталады. Қазылар алқасының шешімімен байқауда айрықша көзге түскен қатысушылар (автордың түпкі ойын бейнелі түрде көрсеткендер) арнайы дипломдармен марапатталады.

Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2024 жылдың қараша айында өтеді.

Байқаудың қорытындысы туралы ақпарат Ж. Бектұров атындағы ОЖК әлеуметтік желілерінде жарияланады. 

 

Сауалнама-өтінім 

Аты-жөні (толық түрде)

Туған жылы:

Мекен-жайы:

Байланыс телефоны:

Электрондық пошта:

Оқу орны (жұмыс орны):

 

Кітапхана-координатор

 

Номинация:

 

1. Фотосуреттің атауы

2. Фото-колладжың атауы

 

Өтінім берілген күні:  «____» ________________________2024ж.

 

Өтінімдер Ж. Бектұров атындағы ОЖК-сының мекен-жайына немесе электрондық адресіне жіберіледі.

Мекен-жайы: 100009, Қарағанды қ., Ержанов к., 8 «а».

Электрондық пошта адресі: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефондары: 8(7212)  43-07-04, 8(7212)  43-06-48.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 5-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 23 сәуірден бастап 22 мамырға дейінгі кезеңде Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ

қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысы жүргізіледі.

Анықтама:
         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне ішкі талдаудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ішкі талдаулар халық пен бизнестің сезімтал меселесіндегі тәуекелдерді анықтап, оны шешуге бағытталған. Аталған «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ қатысты проблемалық мәселелер және ұсыныстарыңыз болса 8-705-138-25-97 (WhatsApp мессенджер) ұялы телефон нөміріне хабарласыңыздар немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. электрондық поштасына жолдаңыздар. 

ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2022

 


Ативные формы работы с молодежью по пропаганде экологических знаний, воспитанию экологической культуры [Мәтін]: әдістемелік ұсынымдар / Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст. Л.Г.Ратникова ; шығарылымға жауапты Н.Қ.Каленова. – Қарағанды: Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2022. – 24 б.

 

Экологиялық білімді насихаттау, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу бойынша жастармен жұмыстың белсенді нысандары ұсынылған.








Экологиялық ағартудан экологиялық мәдениетке дейін [Электрондық ресурс] : мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст. : О.Н.Волкова, Л.Г.Ратникова; компьютерде беттеу П.Лаврович ; мұқабаны безендірген Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2022. – 1 электрон.опт.диск (CD-ROM).

 

«Экологиялық ағартудан экологиялық мәдениетке дейін»  мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал Ақтоғай және Шет аудандарының ОКЖ-де өткен семинар-практикумдарға дайындалған материалдар негізінде құрастырылған.

Басылымда Ж. Бектұров атындағы ОЖК «ЭкоРазум» виртуалды экологиялық-ағарту бірлестігінің жұмыс тәжірибесі көрсетілген, Қазақстанның экологиялық проблемалары, инновациялық экологиялық жобалар мен эко-ойындар туралы презентациялар, бейне-материалдар, әдістемелік ұсынымдар және т. б. ұсынылған.


ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2021

 


Туған өлке [Электрондық ресурс] : мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; шығарылымға жауапты: Н.Қ.Каленова ; құраст.: Ж.И.Катаева, С.Н.Носова, Л.Г.Ратникова, М.Х.Фахрутдинова, Н.Ф.Шмойлова ; ред.-құраст. О.Н.Волкова ; компьютерде беттеу П.Лаврович ; дизайн Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2021. – 1 электрон.опт.диск (CD-ROM).

 

«Түған өлке» басылымында Ж.Бектұров атындағы ОЖК және Қарағанды облысы кітапханаларының өлкетану іс-шараларын өткізу бойынша жұмыс тәжірибесі көрсетілген.

Оқу құралына: интерактивті викториналар, тікелей эфир жазбалары, бейнелер, LearningApps.org сервисінде веб-квесттер мен басқа да медиа-өнімдерді құрастыру бойынша ұсыныстар және т.б. материалдар кіреді.


Властитель дум, неповторимый гений [Мәтін] : ақпараттық дайджест [Қарағанды облысы кітапханаларының есеп материалдары бойынша] / Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст. С.Н. Носова ; ред. О.Н. Волкова; шығарылымға жауапты Н.Қ.Каленова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2021. – 16 б.

«Властитель дум, неповторимый гений» дайджесті жұмыс есептері материалдары бойынша құрастырылған және Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және ілгерілету бойынша Қарағанды облысының кітапханаларының жұмыс тәжірибесін ұсынады.








Дорогами мужества и славы [Мәтін] : ақпараттық дайджест [Қарағанды облысы кітапханаларының есеп материалдары бойынша] / Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст. С.Н. Носова ; ред. О.Н. Волкова; шығарылымға жауапты Н.Қ.Каленова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2021. – 32 б.

 

«Дорогами мужества и славы» дайджесті Қарағанды облысы кітапханаларының 2018-2020 жылдардағы есептерінің материалдары бойынша жасалды.

Мақсаты: жастарға патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан соғысының тарихи, әдеби, деректі мұрасын сақтау және дәріптеу; Қазақстан жауынгерлері мен еңбеккерлерінің ерлігін мәңгі қалдыру бойынша кітапхана тәжірибесін жинақтау.




«Тарих. Тұлға. Тағдыр» жобасы аясында өткізілген іс – шаралардың сценарий жинағы [Мәтін] : (Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының жұмыс тәжірибесінен) / Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, сирек кітаптар мен қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторы; құраст., компьютерде беттеген Ж.И.Катаева. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2021. – 91 б.

 

«Тарих. Тұлға.Тағдыр» кітапханалық жобасы аясында сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай экспонаттары секторы Қазақстан жазушыларының, ақындарының және тарихи тұлғаларының мерейтойлық және атаулы күндеріне арналған іс-шаралар өткізді. Жинаққа осы іс-шаралардың сценарийлері кірді.

Оқулықтағы материалдар алфавиттік тәртіппен орналасқан.


ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2020

 


«Мәңгі есте қалар Ұлы Жеңіс» [Электрондық ресурс] = «Память сильнее времени»: мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналады / Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст. О.Н.Волкова; компьютерде беттеу П.А.Лаврович ; дизайн Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2020. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM). – 375 МБ.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай жарияланған «Мәңгі есте қалар Ұлы Жеңіс» мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құралында: қазақстандық жазушылар мен майдангер ақындар туралы әдеби галерея; қызықты онлайн-іс-шаралар туралы дайджест; соғысқа қатысушы әйелдер, Қарағанды облысының тыл еңбеккерлері туралы материалдар; зияткерлік ойындардың сценарийлері және оларды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар; «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» викторинасы және т. б. ұсынылған. 


ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2019

 


«Жер бетіндегі бейбітшілік үшін» [Электрондық ресурс] = «Ради мира на земле»: Кеңес Одағының Батырлары Н.Әбдіровтың және Қ. Нұржановтың 100 жылдығына арналған мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст.: О.Н. Волкова, М.Х.Фахрутдинова; компьютерде беттеу М.Х.Фахрутдинова; дизайн Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2019. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM). – 795 МБ.

 

2019 жылы Кеңес Одағының Батырлары Нұркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың туғанына 100 жыл толады.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ақпараттық-библиографиялық бөлім біздің жерлестерімізге арналған «Жер бетіндегі бейбітшілік үшін» мультимедиялық құралын шығарды.

Оқу құралында еске алу кешінің сценарийі, әдебиет және интернет-ресурстар тізімі, pdf форматындағы мақалалар, бейнелер, фотогалерея және т. б. ұсынылған.


ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2018

 


Ер есімі – ел есінде [Электрондық ресурс] : Кеңес Одағының Батырлары М.Мамраевтың 100 жылдығына арналған мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст. О.Н. Волкова ; компьютерде беттеу М.Х.Фахрутдинова; дизайн Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2018. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM). – 199 МБ.

2018 жылы Кеңес Одағының Батыры, гвардия аға сержанты Мартбек Мамыраевтың 110 жылдығына орай «Туған жер» бағдарламасы аясында ақпараттық-библиографиялық бөлім «Ер есімі – ел есінде» атты мультимедиалық құрал шығарды.

Құралдың мақсаты - Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткен батыр М.Мамыраевтың ерен еңбегін ұлықтай отырып, жас ұрпақтың бойындағы өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу.

Мультимедиалық құралда - PDF форматта мақалалар, Интернет ресурстар, әдебиеттер тізімі, ақын Қ.Аманжоловтың батырға арнаған поэмасы, видео, фотосуреттер, батырдың өмірбаяны топтастырылған. Әдебиеттер мен интернет-ресурстар тізімінде мақаланың библиографиялық сипаттамасының алдында тұрған жұлдызша* белгісі бұл мақала pdf форматында да ұсынылғанын білдіреді.


Сарыарқа төрінде – Астана! [Электрондық ресурс] : әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: О.Н.Волкова, М.Х.Фахрутдинова ; компьютерде беттеу және дизайн Е. Мүскінов. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2018. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM). – 51 МБ.

Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу «ЕЛ ЖУРЕГІ - АСТАНА»Тұжырымдамасы аясында  «Сарыарқа төрінде – Астана!» мультимедиялық әдістемелік - библиографиялық құралы жасалды.

Оқу құралына: Қарағанды облысының жас кітапханашылары арасында «Отанымды сүйемін» облыстық байқауы жеңімпаздарының виртуалды көрмелері, Астананың көрікті жерлері туралы презентация және «Астанаға сыйлық ретінде Қарағанды облысынан» презентациясы, сөзжұмбақ, Қазақстан астанасы туралы өлеңдер мен эсселер және т. б. енгізілген.


ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2016

 


Кітапханалар қызметі Қазақстан Республикасының мәдениет саясаты тоғысында: даму бағыттары [Мәтін] : республикалық конференция материалдары, 2016 ж. 26-27 мамыр, Қарағанды / Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы ; Қазақстан кітапхана қауымдастығы; Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; ред.алқа: Г. Ә. Бекбалакова [және т.б.]. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2016. – 103 б.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдығы, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының 40 жылдығы аясында 2016 ж. 26-27 мамырда Қарағанды қаласында «Қазақстан Республикасының мәдени саясаты контекстіндегі кітапханалардың қызметі: даму векторлары» атты республикалық конференция өтті.

Басылымда пленарлық отырыста және «Жас ұрпаққа арналған кітапхана: идеялар мен тәжірибелер ауқымы» семинар-тренингі барысында айтылған сөздердің мәтіндері ұсынылады.

Материалдар тақырыбы Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР кітапханалары қызметінің өзекті мәселелерін, заманауи кітапханатанудың жетістіктері мен проблемаларын, жаңа технологияларды пайдалануды және т.б. қамтитын бірқатар мәселелерді қамтиды.

https://ru.calameo.com/read/00447457920c97e0a5c80


Отражение [Мәтін] : библиомозаика : 2 шығарылым / Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст. О.Н.Волкова; ред.: Г.М.Алдонғарова, Н.Қ.Каленова; мұқабаны әрлендіруші М.А.Рахимжанова. – Қарағанды : ЖПФ «Print Shop», 2016. – 150 б.

 

2016 жылы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы өзінің құрылғанына 40 жыл толуын, «БОТА» жастардың зияткерлік орталығының 20 жылдығын, балаларға қызмет көрсету бөлімінің ашылғанына 20 жыл толуын, кітапханаға Ж.К. Бектұровтың есімін берілгеніне және мемориалдық кабинет-мұражайының ашылуына 15 жыл толуын атап өтті. Осы айтулы күндерге орай «Отражение» кітабы шығарылды.

Библиомозаикада кітапхананың тарихы фактілер, оқиғалар және тұлғалар келтіріліп бейнеленген, оның қызметінің ең керемет сәттері көрсетілген.