10.12.2025ж., сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Әділ қоғам» жобасын жүзеге асыру аясында «Адалдық, парасаттылық, сенім» атты адалдықты ілгерілету үшін өнер өкілдерімен «TED Talks» форматында кездесу іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – халқымыздың әділдік, парасаттылық, адалдық жөніндегі бай мұраларын жаңғырта отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жас ұрпаққа әділдік құндылықтарын дарыту.
Шара барысында Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестіктің әншісі Ержан Базарбеков, «Қазақстанның құрметті журналисі», ақпарат саласының үздігі, «С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының» баспасөз хатшысы Сағат Сыдыққызы Батырханова қатысушылармен «Әділ қоғам деген не? Сыбайлас жемқорлықпен күресте жастардың рөлі қандай? Адал болудың қандай қарапайым жолдары бар? – деген сұрақтары талқылады. Шараға қатысқан оқырмандар тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.
Сонымен бірге шараға қатысушылар «Әділ қоғам» жобасы ресми түрде іске қосылып, жұртшылыққа таныстырылғаны, мәдени және білім беру бағдарламалары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, оны нығайтуға бағытталғаны жайлы ақпаратпен танысты. Әділдік–бабаларымыздан қалған ең қастерлі ұғым.
Шараға Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің студенттері қатысты.
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1988-10-zhelto-san-2025-2#sigFreeId5153036956
