Француз жазушысы, әдебиеттегі натурализм бағытының негізін қалаушы Эмиль Золяның туғанына 185 жыл толуына орай «Famous books» әлем әдебиетін сүйер оқырмандар клубының кезекті отырысы өтті.
Академик Ә. Сағынов атындағы мектеп-колледждің білім алушыларына арналған іс-шара аясында шығармашылық жазу және театрландырылған қойылым элементтерімен әдеби ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар Эмиль Золяның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы терең білімдерін көрсетті.
Отырыс барысында қатысушылар викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, шығармашылық тапсырмаларды орындауда креативтілік танытты. Іс-шара соңында балалар әсерлі пікірлерімен бөлісіп, жазушының шығармашылығына деген терең түсінік пен ықыластарын көрсетті.
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1948-13-arasha-2025-2#sigFreeId2f371571d8
