22 қазанда Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында еліміздің ұлттық мерекесі Республика күніне арналған 15–25 қазан аралығында тұтас ел аумағында өтетін «Қыран елім – Қазақстаным!» атты патриоттық акциясы аясында «Туған елім, ұлы өлкем» атты интеллектуалды-танымдық ойыны өтті.
Шараға Қарағанды қаласының «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ атынан «Тұмар» тобы және Қарағанды қаласының «№14 мектеп-гимназиясы» КММ атынан «Алаш» тобы қатысты.
Ойын барысында қатысушы топтар өз өнерлерін көрсете отырып, таныстырды және Қазақстан тарихы, әдебиет, мәдениет, айтулы даталар бойынша сұрақтарға жауап берді.
Ойынның қорытындысы бойынша «№14 мектеп-гимназиясы» КММ атынан қатысқан «Алаш» тобы жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды. «Тұмар» тобы ойынға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жастардың патриоттық сезімін оятып, Республика күніне деген құрмет пен мақтаныш сезімін нығайту, тәуелсіздік жолындағы жетістіктер мен тарихты кеңінен насихаттау.
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1927-22-azan-2025-2#sigFreeIdab39f595ff