17 қазанда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қазыналы орда әулеттері» республикалық кәсіби байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Бұл байқау үшін кітапхана – жай ғана мамандық емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл дәстүр, өмірлік мұрат болып саналатын жандарды біріктірді.
Байқаудың ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
Салтанатты рәсімге құрметті қонақтар мен қазылар алқасының мүшелері қатысты: Н.К.Каленова – Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы; Ерасыл Ерболатұлы Жұмағалиев – қазылар алқасының төрағасы, Қарағанды облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ақпараттық саясат және коммуникациялар бөлімінің басшысы; О.Н.Волкова – кітапхана ісінің ардагері, қазылар алқасының мүшесі; С.С. Шоменбаева – Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі, қазылар алқасының мүшесі; А.Ж.Сүлейменова – Қарағанды облысы колледж кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы.
Байқауды ұйымдастыру комитетіне еліміздің әр өңірінен 21 шығармашылық бейнежұмыс келіп түсті.
Сайыс екі номинация бойынша өтті:
- «Кітапханашылар әулеті. Династии библиотекарей»
- «Менің отбасымда кітапханашы бар»
«Кітапханашылар әулеті» номинациясының жеңімпаздары:
Гран-при — Ақмолдина Әсем Құрақбаевна (Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі).
І орын — Кыдырманова Акнур Сабыровна (Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, №2 үлгілі кітапхана-филиалы).
ІІ орын — Валиева Любовь Петровна (Қостанай қаласы, Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана).
ІІІ орын — Омарова Асель Мухамедкаировна, Башай Таңнұр, Сақыбаева Шекер Нұрғалымқызы (Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана).
Аталған номинация бойынша ынталандыру сыйлықтарының иегерлері:
– Кабельдинова Сабина Рейнатовна, Бахытжан Майгуль, Бем Ирина Александровна (Нұра орталықтандырылған кітапханалар жүйесі);
– Шаймерденова Асем Жанахметовна, Нурмаганбетова Шарбат
(Қарқаралы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Көктас ауылы).
«Менің отбасымда кітапханашы бар» номинациясының жеңімпаздары:
Гран-при — Амангелдинова Аяжан Талғатқызы (Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Балқаш орталықтандырылған кітапханалар жүйесі).
І орын — Сеченева Жанна Дмитриевна (Қарағанды облысы, Е.А. Бөкетов атындағы ұлттық зерттеу университеті журналистика факультетінің 3-курс студенті).
ІІ орын — Төлеутай Алина Берікболқызы (Қарағанды қаласы, Қан орталығының маманы).
Жеңіске деген жігері мен талпынысы үшін естелік сыйлықтармен марапатталғандар:
– Завистовская Ольга Александровна (Осакаров ауданы, Николаевка ауылы);
– Тұрсынхан Аиша Ерболқызы (Қарағанды облысы, Үштөбе тірек мектебінің оқушысы);
– Ескараева Жаңыл Булкайыровна (Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасы);
– Аждарова Аяулым Сырымқызы (Қарағанды қаласы, «Алданыш» балабақшасының музыка жетекшісі).
Барлық қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Қатысушыларға музыкалық шашу ретінде Қарағанды қаласындағы №2 балалар өнер мектебінің эстрадалық вокал пәнінің оқытушысы Кошугулова А.С. тамаша ән тарту етті.
Кітапханашы - ол оқырманның рухани серігі, білім мен тәрбие мектебі.
Осы күннің жарқын естелігі бізді кітапхана ісінің бай дәстүрлерін сақтап, дамыта түсуге шабыттандырсын! Руханияттың шамы әрқашан жарқырай берсін!
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1916-17-azan-2025#sigFreeIda1977742e7