14 қазан күні Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Ж.Ақбаев атындағы ЖББМ» КММ оқушыларының қатысуымен l қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың 105 жылдығына арналған «Ақжайықтың тұмары, жасын жырдың Жұбаны» атты  әдеби  сағат өткізді.

Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы бойынша бейнеролик көрсетілді. Оқушылар ақынның «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді, «Бақыт», «Отан», т.б. өлеңдерін  жатқа айтты.

Ақынның шығармалары туған жерді, табиғатты, адам ерлігін және жауынгерлік бауырластықты жырлайды. Шынайылығы мен патриоттық рухы арқылы Ж.Молдағалиев қазақ әдебиетінде жарқын із қалдырды, ал оның шығармалары бүгінде оқырмандардың сүйіспеншілігіне бөленуде.