Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Әділ қоғам» жобасын іске асыру аясында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қауіп» атты кездесу өтті.
Мақсаты: Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлық туралы түсініктерін кеңейту, жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін ұғындыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Шараға Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет департаментінің ақпараттық пультінің спикері Камали Жібек Камалиқызы, құрметті демалыстағы заңгер, прокурор, тәлімгер Рахимжанова Гульзия Жұмаділқызы, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің сержанты, №36 ЖББМ алғашқы әскери пәні мұғалімі Түсіпбеков Маурат Рымбекұлы, қалалық мәслихат депутатының көмекшісі, «Аманат» партиясының мүшесі Шахаев Нұрсұлтан Бақтиярұлы, «Respublica» партиясының әйелдер қанатының төрайымының орынбасары Мусаева Рауана Ерболқызы және «Болашақ» жоғары колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу қонақтары сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен қандай жаза түрлері қарастырылғаны, жемқорлықтың қоғамға қандай зияны бар екенін айтты. Экраннан слайд арқылы жемқорлық туралы бейне ролик көрсетіліп, оқырмандар қойған сұрақтарына нақты жауап алды.
Шара соңында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қауіп» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кездесу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1902-14-azan-2025#sigFreeId3b584e2517