Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым - асыл қазынам!» атты кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды.

Көрменің мақсаты: қарттарға құрмет көрсету, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, өмір жолын насихаттау, жастарға үлгі ету.  

Кітап көрмесіне қарттар туралы жазылған прозалық шығармалар, қарттардың қызығушылығын тудыратын әр саладағы кітаптар мен мерзімді баспасөз беттеріне шыққан мақалалар қойылды.

Кітапханашы қарттар күні туралы қысқаша көрмедегі кітаптарға шолу жасады. Көрме оқырмандарға үлкен әсер беріп, қарттарымызға деген сүйіспеншіліктерін арттырды.