Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Жаныңда жүр жақсы адам» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Мамандық таңдау кезінде бағыт-бағдар беру, адам өміріндегі мамандық таңдауымен маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Шараға «Қарағанды металл конструкциялары» зауытының білікті бұрғылаушысы Е.Ж.Төкенов, ТОО «Tranko IBT» жүк тасымалдау тепловоз ремонтының дәнекерлеушісі Б.Бейбітұлы, Қарағанды металл конструкциялары зауытының кран жүргізушісі А.Қ.Ахмадиева, Саран шахтасының көмір өндіру кеншісі Б.С.Қайратұлы және Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасындағы Инновациялық технологиялар колледж студенттері мен оқытушысы Э.Т.Тәттімбетова және Қарағанды машина жасау колледжінің студенттері қатысты.
Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар жұмыста жауапкершілікті терең сезініп, өз міндеттерін адал әрі сапалы атқару керектігін сөзге тиек етті.
Жасөспірімдер әр сала мамандарына сұрақ қою арқылы әр мамандықтың маңыздылығын түсінді.
«Жұмысшы - мерейлі мамандық» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, Б.Бейбітұлының орындаған әуезді әні кештің шырайын келтірді.
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1888-25-yrk-jek-2025-2#sigFreeIdd0d716e6f2