Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде дүниежүзілік туризм күніне орай «Туған өлкеге саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқырмандарға туған өлкенің тарихы, тарихи-мәдени орындары, көрнекті жерлері туралы мағлұмат беру, ішкі туризмді насихаттау.

Көрмеге туған өлкенің тарихы, тарихи ескерткіштері мен киелі жерлері туралы кітаптар, табиғаты мен экологиясына арналған ғылыми-танымдық еңбектер, фотоальбомдар қойылды.

Көрме оқырмандарға туған өлкені жаңа қырынан танып, ішкі туризм мен өлкетануға деген қызығушылықтарын арттырды.