Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «KitapTime – 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Қауырсын ғалам» атты «Поэзия-party» іс-шарасы өтті.

Кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатындағы республикалық кітап фестивалі биыл Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.  

Шара барысында Қарағанды медицина университетінің «Жыр-жауһар» поэзия клубы, «БОТА» ЖИО жас мүшелері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің» студенттері қара сөздерін, «Н.Әбдіров атындағы ЖББМ» және «№97 гимназиясының» оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Қасым Аманжолов атындағы балалар музыка мектебінің» оқушылары әсем әндері мен әсерлі күйін орындады.

Кітапхана қызметкерлері «Ұлы даланың дана ойшылы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.