17 қыркүйекте Ж. Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Достық пен келісім белгісімен» жобасы аясында этномәдени мереке өтті.
Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде үш этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысты: Ян Дэ-Си, «Достық» атты қытай ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі, Урмашов Александр Николаевич, «Дакия» румын мәдени қоғамының атқарушы басшысы, биыл бұл қоғамның құрылғанына 20 жыл толып отыр, Коваленко Анастасия, «Видергебурт» _karaganda неміс орталығының этномәдени жұмыс жөніндегі жетекшісі.
Мерекеге сонымен қатар тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Анисимова Аида Викторовна бастап келген «Friendship» («Достық») жекеменшік мектебінің 11-сынып оқушылары да қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Одан кейін көне қазақ дәстүрі бойынша жиналған қауымға мерекелік шашу шашылып, әсем ұлттық ән орындалды.
Мерекелік бағдарлама барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін, тұрмыстық бұйымдарын таныстырып, ұлттық салт-дәстүрлері мен тағамдарының ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар, тарихи отандарындағы өмір салты жөнінде де қызықты мәліметтермен бөлісті.
Ян Дэ-Си Қытай қалалары мен Қытайдың Ұлттық кітапханасы туралы мазмұнды ақпарат ұсынды. Александр Николаевич Урмашов көктемнің дәстүрлі румын мейрамы – «Мэрцишор» туралы қызықты әңгімелеп берді және кітапханаға румын тіліндегі бірнеше кітапты сыйға тартты. Неміс орталығының өкілі Анастасия Коваленко да кітапханаға кітаптар сыйлап, көрермендерге ұлттық киім киген шеберлікпен жасалған қуыршақтарды көрсетті.
Мереке барысында ұлттық әндер, өлеңдер, мақал-мәтелдер орындалып, жалпы алғанда, шынайы қуаныш пен жағымды көңіл күйге толы атмосфера орнады. Мектеп оқушылары этномәдени бірлестік өкілдерімен қызығушылықпен сұхбаттасып, түрлі сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Композитор Вероника Беляева тыңдармандар сүйіп тыңдайтын және авторлық әндерді шебер орындап, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Іс-шара соңында қонақтар мен оқушылар бір-бірімен жарнамалық парақшалармен, байланыс деректерімен алмасты.
Мұндай іс-шараларды өткізу – қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мәдени әралуандылықты сақтауға және ұлтаралық байланыстарды нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1874-17-yrk-jek-2025#sigFreeId961c29d94e