Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Отбасы күніне орай «Отбасы - бақыт мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: отбасының қоғамдағы маңыздылығын, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді насихаттау, өнегелі, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Көрмеге отбасылық қарым-қатынас, ата-ана мен бала тәрбиесі, салт-дәстүрлер, педагогика, психология, отбасы тәрбиесіне байланысты А.Өзуткудің «Бақытты отбасының сыры», Х.Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», «Оқуға тиіс 10 кітап» сериясынан шыққан «Отбасы», «Тәрбие», М.Тоқашбаевтың «Бақыттың кілті», Ә. Тұрақұлованың «Балам жақсы болсын десеңіз», А.Фабельдің «Тыңдату үшін балаға не деу керек, ал сөйлету үшін, оны қалай тыңдау керек?», Л.Ахметжанқызының «Дәстүр даналығы» және басқа да отбасы құндылықтарын насихаттайтын кітаптар қойылды.
Кітапханашы жанұядағы сыйластық, адамгершілік, отбасылық тәрбие, отбасылық құндылықтар туралы мағлұматтар беріп, оқушылар отбасы туралы жасырылған нақыл сөздердің жалғасын тапты.
Отбасы-қоғамның ең маңызды бөлшегі. Қазақстан Республикасында Отбасы күні 2013 жылдан бастап қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мерекені атап өту — отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайта түседі.
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1855-8-yrk-jek-2025#sigFreeIdca3874be5d