5 қыркүйек күні елімізде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді. Бұл маңызды мереке ұлы қазақ ағартушысы, ғалым әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. Аталған мерекенің басты мақсаты – еліміздің тілдік байлығын дәріптеу, халық бірлігін нығайту, сондай-ақ Қазақстанда өмір сүретін барлық этностардың тілдері мен мәдениеттеріне құрметпен қарауды дамыту.
Балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Тілдер бірлігі – Қазақстан халқы бірлігінің негізі» атты кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – еліміздегі тілдік және мәдени алуан түрлілікке құрметпен қарауды қалыптастыру, ұлтаралық достықты дамыту және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.
Іс-шара қонақтары – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қарағанды еврей мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы @vilen_molotv Вилен Борисович Молотов-Лучанский, @wiedergeburt_karaganda Қарағанды облыстық «Видергебурт» неміс орталығы» этномәдени бірлестігінің этномәдени жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Коваленко Анастасия Павловна болды.
Қатысушылар – Қарағанды қаласындағы №45 гимназияның 6–7 сынып оқушылары.
Мәдени орталықтардың өкілдері оқушылармен өз халықтарының дәстүрлері, тілі мен мәдениеті туралы қызықты деректермен бөлісіп, туған тілдің ұлттық бірегейлікті сақтаудағы маңызы жайында әңгімеледі. Мектеп оқушылары пікірталасқа белсене қатысып, сұрақтар қойып, түрлі тілдерде өлең оқып, халықтар бірлігі мен достығына арналған шығармашылық нөмірлерін ұсынды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Ол оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, Қазақстанда тұратын өзге халықтардың мәдениетіне төзімділік пен құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
http://www.uniorlib.kz/index.php/kz/2017-07-11-05-27-39/1853-5-yrk-jek-2025-2#sigFreeId1b0f9c96a2