Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл - мәдениеттің, тарихтың және қазіргі заманның кілті» атты  ақпараттық сағат өтті.

5 қыркүйекте елімізде Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі. Бұл күн біздің елде тұратын 130-дан астам ұлт өкілдері сөйлейтін барлық тілдерге құрмет. Мереке Алаш арысы, ұлт ұстазы, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде бекітілді.

Шараның мақсаты: жасөспірімдердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Іс-шарада кітапханашы Ахмет Байтұрсыновтың қазақ лингвистикасы мен филологиясын дамытудағы рөлі және өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі.

Шара соңында студенттер сөздерді үш тілге аудару байқауына қатысып, кроссворд шешіп, тілдер күніне арналған көрмедегі кітаптармен танысты. Іс-шараға К.Сағынов атындағы колледж-мектептің студенттері қатысты.