Балаларға қызмет көрсету бөлімі Астана күніне арналған «Елімнің жүрегі – Астана» атты ақпараттық сағат өткізді. Шараға «Вундервилл» балалар орталығының балалары шақырылды.

Жас оқырмандарға мереке туралы айтылды. «Менің елордам – Астана» виртуалды викторинасы және әдебиеттерге шолу өткізілді, қаланың көрікті жерлері туралы «Елордаға саяхат» фильмі көрсетілді.