Кітапхана қызметтерін насихаттау және жаңа оқырмандарды тарту мақсатында Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық материалдары таратылған «Оқырман бол» атты PR-акция ұйымдастырылды.

 Кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарына «Бектуровка» мобильді қосымшасы туралы айтып берді. Тілек білдірушілер  QR-код арқылы қосымшаны өз құрылғыларына бірден жүктеді.

Қала тұрғындары кітапхана ресурстары, көрсетілетін қызметтер мен өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратқа ерекше қызығушылық танытты.