Дәстүр бойынша 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күні біздің кітапхана өзінің кішкентай оқырмандары үшін жазғы оқуларын ашады.

Биылғы жылы жазғы оқулардың ашылуы балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері дайындаған «Жаз, кітап, мен – бірге біз доспыз» ойын бағдарламасынан басталды.

Баймұрза ауылы Бұқар Жырау ауданының «Калинин жалпы білім беретін мектебі» КММ 5-6 сынып оқушылары мен кітапхананың кішкентай оқырмандары көңілді мерекенің қонақтары болды.

Іс-шара кітапхана ғимаратының алдындағы алаңда ашық аспан астында өтті, оның бүкіл аумағы шарлармен және гүлдермен безендірілді. Стендте жазғы сюжеттері бейнеленген балалардың түрлі-түсті суреттері ұсынылды, оның жанында  «Сәлем, жаз! Сәлем кітап!» атты тақырыптық кітап көрмесі орналасты.

 Мереке балаларға арналған құттықтау сөзімен, ізгі тілектермен басталды. Балалардың ойын бағдарламасына атақты қарағандылық композитор, ақын Людмила Мельникова балаларды құттықтауға келді.  Ол балалар үшін өте қызықты әдеби-музыкалық калейдоскоп өткізді, өзі шығарған «Лето» және «Сказочный мир детства» әндерін орындады. Іс-шара барысында балаларға «Мальчик и волк» театрландырылған қойылымы көрсетілді. Сондай-ақ, балалар ертегі кейіпкерлерінің көмегімен ертегі жолымен жүрді. Содан кейін кішкентай кітапқұмарлар ертегі викторинасының сұрақтарына жауап беріп, «Смешинки» айқайлау ойынын ойнады. Кішкентай оқырмандар: «Мыши водят хоровод», «Солнышко и дождик», «У медведя во бору» атты қызықты эстафеталарда көңілдерін көтерді.

Балалар «Бюро находок», «Чудесных сказок хоровод», «Книжный герой» танымдық әдеби ойындарына қатысты.

Іс-шара соңында әр қатысушы күн, қуаныш пен көңілділіктің символы ретінде әуе шарын алды. Балалар асфальтқа үлкен қуанышпен суреттер салды.

Бұл мереке күні балалар күліп-ойнап жүрді, мерекеге қатысқандардың бәрі үлкен қуанышқа кенелді. Іс-шараның соңында кітапхана қызметкерлері балаларға балмұздақ пен шоколад сыйлады.