1 қыркүйекте Ашық есік күні аясында ақпараттық-библиографиялық бөлім кітапхана қонақтарына «Туған өлке білгірлері» атты зияткерлік өлкетану ойынын өткізді. Ойынға №48 жалпы білім беретін мектептің 7 «В» сынып оқушылары белсенді қатысты (сынып жетекшісі Э.Г. Лобанова).

Insta @sch48_krg

Қатысушылардың ішінен 8 белсенді «білгірлер» іріктеліп, «Қыран» және «Тұлпар» екі бәсекелес командаға бөлінді. Қатысушыларға 5 блоктан тұратын викторина ұсынылды: Қазақ хандығының тарихы, Тәуелсіз Қазақстан тарихы, Қарағанды облысының табиғаты, туған Қарағандының ескерткіштері мен көшелері. Әр команда ең көп ұпай жинауға тырысты. Әр сұрақтың 200-ден 800-ге дейінгі өзінің «бағасы» болды. Қызу әрі  қызықты сайыс барысында жеңімпаз болып  – «Қыран» командасы анықталды (2600 балл). Қарсыластар командасы 2200 ұпай жинап, аз айырмамен жеңіліп қалды. Екі команда жүлделер мен естелік сыйлықтармен марапатталды, ең бастысы – туған өлке туралы білімдерін кеңейтті.