2022 жылы 12 тамызда Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері қаламыздың орталық көшелерінде, оталық саябақта Халықаралық жастар күніне орай жастарға арналған заманауи кітапханаларды зерттеу, кітапхананың оң имиджін қалыптастыру, оқуға тарту мақсатында сауалнама өткізді. Шараға жасөспірімдер мен жастар (14-22) қатысты.

Қатысушылар «Бүгін халықаралық жастар күні екенін білесіз бе?», «Сіз кітапханаға барасыз ба?», «Сіз қандай кітаптарды оқисыз?», «Сіз баратын кітапхананы "жастарға арналған кітапхана"деп атай аласыз ба?», «Жастардың кітапханаға баруы үшін не істеу керек?», «Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?», «Сіз өзіңізді шығармашылық адам деп санайсыз ба?», «Кітапханадағы қандай оқиғалар сізді қызықтырады?» т.б. сұрақтар төңірегінде өз ойларын білдірді.

Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, көркейіп, гүлденуіне үлес қосып, ел сенімін ақтайтын азаматтар – білікті де, білімді жастар.

Қатысушылар саны: 30 адам.