10 тамыз күні  балаларға қызмет көрсету бөлімінде  Абай күніне арналған  «Абай - кемел ойдың кемеңгері» атты  кітап  көрме - сөзжұмбақ  ұйымдастырылды.

Көрмеге кітапхана қорындағы М.Әуезовтың «Абай жолы», ақынның өлеңдері, аудармалары, «Қара сөздері», поэмалары, ақын туралы естеліктерден тұратын кітаптар қойылды.

Мақсаты -  тереңдеп  таныған  сайын  жаңа  қырларымен, өзгеше   сипатымен     ашыла  түсетін  ақын   поэзиясын  зерделеп  оқуға,  ұлы  ақынның сан-салалы  ақыл-ойын, өнер  өрісін  жүйелеп  тануға  ықпал  ету, насихаттау.

Балалар көрмеде Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығынан құралған сөзжұмбақ сұрақтарына  белсенді жауап беріп, білім деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті.

Ұлы  Абай  шығармаларынан  қазақ  баласының  салауатты  тәрбие  алып, ұлттық  өсіп-өнуіне  қажетті  көптеген  өсиет  сөздерді  табуға болады.