2022 жылдың 27 мамырында Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы жыл сайынғы "Тағзым эстафетасы" - "Эстафета памяти"акциясын өткізді. Акция "Memory"мемлекетаралық жобасы шеңберінде өткізіледі.

         Іс шараға қатысқан Қарағанды қаласының машина жасау колледжінің студенттеріне, кітапханашылар Ж.К. Бектұровтың кабинет – музейі туралы әңгімеледі, "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" кітап көрмесіне шолу жасады және  Долинка кентінің саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсияға апарды.

         Мұражай экспозициясы, инсталляциясы  репрессия мен тоталитаризмнің қайғылы, сұрапыл кезеңін бейнелейді, келушілерге қатты эмоционалды әсер етеді.  

         Акцияға қатысушылар "Қасірет қақпасы" жанында өлең оқып, бір минут үнсіздікпен қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алып, мұражайдың тақырыптық залдарына барды.