6 мамыр күні «Біз Ұлы Жеңіс ұрпақтарымыз» - «Мы - наследники Победы» атты ерлік сағаты өтті.

Шараға Қарағанды облысы Қазыбек би ауданының соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің өкілі - еңбек және тыл ардагері Петраков Михаил Сергеевич қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және соғыс балаларына құрмет көрсету, Ұлы Отан соғысы туралы білім негізінде тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.

Шараға №97 гимназиясының оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары Михаил Сергеевичке түрлі сұрақтар қойды. Мысалы: Соғыс басталғанда сен неше жаста едің? Жастарға не туралы айтқыңыз келеді, әсіресе сізді не толғандырады? Қандай марапаттарға ие болдыңыз? Жастарға не тілейсіз? және т.б.

Соғыс қайталанбауы керек. Ардақты ардагерлер айтқан әскери оқиғаларды еске алып отыруымыз керек. Еліміздің тарихын біліп, қастерлейік!