03.03.2022ж., Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облысының жастары арасында «ДАРАБОЗ» интеллектуалды танымдық ойынының I іріктеу кезеңі  ZOOM платформасында өтті.

Ойынға қатысушы топтар:

  1. Қарқаралы ауданының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖББ тірек мектебі (ресурс орталығы) жанындағы интернаты «Алғырлар» тобы;
  2. Жаңаарқа ауданының Оразалы Жұмабеков  атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы)  «Парасат» тобы;
  3. Шет ауданының Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы) жанындағы интернаты «Аюлы» тобы.

Әділқазылар алқасының құрамы:

  1. Смағұлов Нұртас Бірлікұлы -Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих магистрі;
  2. Қайырбекова Аида Құрманғазықызы - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі;
  3. Мырзатаева Бақыт Қазбекқызы– Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Бірінші іріктеу ойынының жеңімпазы Қарқаралы ауданының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖББ тірек мектеп (ресурс орталығы) жанындағы интернаты атынан «Алғырлар» тобы 2022 жылдың желтоқсан айында болатын финалдық ойынға жолдама алды.

Жаңаарқа ауданының Оразалы Жұмабеков  атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы) атынан «Парасат» және Шет ауданының Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы) жанындағы интернаты атынан «Аюлы» топтары алғыс хатпен марапатталды.

#дарабозинтелектуалдытанымдықойыны#бектұровкітапханасы#жастар