2021 жылдың 6 мамыры күні Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының инстаграмм парақшасында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Мәңгілік Жеңіс және оның Батырлары!» - «Бессмертна Победа, бессмертны ее солдаты!» атты патриоттық акция өтті.

Іс-шараның мақсаты: жастар арасында көркем әдебиетті насихаттау, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым етуге, оларды құрметтеуге және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу.

Бұл іс-шараға облысымыздың жас оқырмандары қатысты.

Арыстан Қолқанатұлы «Ардагерлерге арнау» оқып, өзінің салған суретін таныстырды. «Сарышаған мектеп-интернаты» КММ 11 «В» сынып оқушысы Асан Нияз жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» атты өлеңін оқыса, 8 «Г» сынып оқушысы Игембек Әділхан ақын Ғафу Қайырбековтің «Жеңіс солдаты» атты өлеңін, ал  Жезқазған қаласы медицина колледжінің І курс студенті Халенова Гүлназ «Майдангерлер» өлеңін жатқа мәнерлеп оқып берді. «Н. Әбдіров атындағы ЖББОМ» КММ 11 сынып оқушысы Өмірәлиева Дидар Н. Әбдіров мұражайын оқырмандарға таныстырды.

Жезқазған қаласынан оқырманымыз Макенбаева Алмагуль Калкеновна өзінің әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мәкенбаев Қалкен Мәкенбайұлы жайында бейнебаян ұсынып, жас оқырманымыз Сәден Раяна Ұлы Отан соғысының ардагері Борнаев Қаппар (1904-1987жж) жайында баяндап берді.

Сонымен бірге, жас оқырманымыз Елеубек Ақбота «О, Аналар!» әнін орындап,

Ақтоғай ауданы, Айыртас ауылының кітапханашысы Камал Әуез белгісіз солдат атанған жерлесіміз Смағұлов Құлмағамбет жайында видеоролик ұсынды.

 

#жасөспірімдеркітапханасы #патриоттықакция #МәңгілікЖеңіс#ҰлыОтансоғысыныңардагерлерінетағзымету

#ЖБектұровкітапханасы