31 мамырда Қазақстан өз тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. Көптеген құрбандарды еске алу үшін біздің елімізде көптеген іс-шаралар өткізіледі, кітапханаларда, мұражайларда көрмелер ашылады, мемориалдарға гүл шоқтары қойылады, жаңа деректер жарияланады

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 05.01.2021 жылғы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында «Зұлмат жылдар қасіреті» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты - кітапханаға есімі берілген жазушы Ж.Бектұровтың шығармашылық мұрасын насихаттау; жастарды отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, азаматтық қасиеттерді дамыту, еліміздің рухани және мәдени құндылықтарын бағалай білу; тоталитаризм мен сталиндік қуғын-сүргін тарихы оқиғаларын жастардың эмоционалды ықыласын ояту.

Еске салу көрмесі 4 бөлімнен тұрады.

1 бөлім: «Қуғын – сүргін - Қазақстан тарихының қайғылы беттері». Осы бөлімде ұсынылған кітаптар ауыр және қатал уақыт туралы - Сталиннің жеке басына табыну жылдары, заңсыздықтар мен қуғын-сүргіндер туралы, қуғын-сүргіннен өткен адамдардың өз еліне деген ерекше табандылығы мен адалдығы туралы, саяси қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне қойылған мемориалдар мен ескерткіштер туралы мәліметтерден тұрады.

 2 бөлім: «Ашаршылық қасіреті». Мұнда қарағандылық жазушылардың шығармалары ұсынылған: олар оқырмандарға осы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің абсурдтық, мағынасыз сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары күніне арналған «Болашақ үшін естелік» дөңгелек үстел материалдары, Күзембайұлы А. «История Казахстана. Политические репрессии в Казахстане» және басқалар.

3 бөлім: «Ж. Бектұров – тоталитаризм құрбаны».

Ж. Бектұров жалған сөз бойынша 1942 жылдың мамыр айында тұтқындалып, КСРО ІІХК арнайы жиналысының сырттай шешімімен РСФСР ҚК 58 бабы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды және Свердлов облысының Ивделлагына жер аударылды. Бұл бөлімде көрнекті қоғам қайраткерлері, 30-40 жылдары қуғын - сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары: Ә.Бөкейханов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Рысқұлов туралы көптеген очерктердің авторы Ж. Бектұровтың шығармалары ұсынылған.

4 бөлім: «Карлагтың ұлы тұтқындары». Бұл бөлімде қазақстандық және қарағандылық жазушылары Е.Кузнецова, В. Могильницкий, А. Әлжанов, Б. Қойшыбаев, И. Ильинаның шығармалары, сондай-ақ «Болашақ» университеті баспасының Карлагтың Долинка бөлімі туралы кітаптары ұсынылған, олар қуғын-сүргіннің қайғылы жылдары, зардап шеккен адамдардың қиын тағдырлары туралы баяндайды.

Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.

Көрме жоғары сынып оқушыларына, студенттерге, оқытушыларға, қуғын-сүргінге ұшырағандардың отбасы мүшелеріне, зерттеуші-тарихшыларға, заңгерлерге, саясаттанушыларға, сондай-ақ Қазақстанның мемлекет тарихына және құқығына қызығушылық танытатын қалың оқырмандарға арналған.

#Бектуровка #тоталитаризм #репрессии #голод #Карлаг #ЖайыкБектуров #областнаябиблиотека #юношество