Көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған "Адамға табын, Жер, енді" атты Қарағанды облысының жастары арасында өткізілген көркемдік оқу онлайн байқаудың қорытындысы.

Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтің шығармашылығын жастар арасында дәріптеу мақсатында өткізілген бұл сайысқа Қарағанды облысының 15 пен 22 жас аралығындағы 31 үміткер жастары қатысты.
Байқау Instagram әлеуметтік желісінде ұйымдастырылып, талантты жастар жанкүйерлері арасынан кең қолдау тапты.
Көркемдік оқу онлайн байқаудың қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан жастарымыз Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
І дәрежелі дипломымен Ж. Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің ІІ курс студенті Жүнісова Бағлан;
ІІ дәрежелі дипломымен Қарағанды медицина университетінің 1 курс студенті Ерғали Меруерт;
III дәрежелі дипломымен Қарағанды медицина университетінің 1 курс студенті Амантаева Аружан марапатталады.
Іс –шарамызға белсенділік танытып, қатысқан барлық қатысушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз және алғыс хаттар табысталады. Талаптарыңызға нұр жаусын!

#Бектуровка #кітап #оқу #өлендер #ОлжасСүлейменов #облыстықкітапхана#жасөспірімдер#конкурс