ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2015

 


Сырлы Сәкен, жырлы Сәкен [Электрондық ресурс] : Республикалық кітапханалық конференция материалдары (Қарағанды, 13-14 қараша 2015 ж.) / құраст. О.Н.Волкова; К.А.Махметова ; ред. А.С.Жамекова, Н.Қ.Каленова ; техникалық редактор және дизайн, компьютерде беттеу М.А.Рахимжанова. – Қарағанды : Ж.Бектұров атындағы ОЖК, 2015. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM).

 

Қарағанды қаласында қазіргі қазақ әдебиетінің негізін салушы, қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай 2014 жылдың 13-14 қарашасында «Сырлы Сәкен, жырлы Сәкен» атты Республикалық кітапханалық конференциясы өтті.

«Сырлы Сәкен, жырлы Сәкен» атты Республикалық кітапханалық конференциясының қорытындысы бойынша конференция материалдары жинағы типография арқылы 2014 жылы басылып шықты. Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы Сіздерге осы жинақтың Kvisoft FlipBook Maker программасы арқылы жасалған электрондық нұсқасын ұсынады. Бұл мультимедиалық басылымға конференция барысында қолданылған мағлұматтар толық енгізілген: жазушы-журналист Нұрмахан Оразбектің конференция қатысушыларына арналған бейнеқұттықтауы, бейнежазбалардан үзінділер, презентациялар, бейнероликтер, фотосуреттер және ақынның жұбайы Гүлбаһрам Сейфуллина туралы «Әйел әлемі» атты деректі фильм ұсынылады.

Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі, С.Сейфуллиннің туған жерінде, Жаңаарқа ауданында, ақынның 120 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар өткізді. Осы аудандық жасөспірімдер кітапханасы өткізген шараларды мультимедиалық басылымға қосуды жөн көрдік. Сонымен қатар Атасу кентінде орналасқан Сәкен Сейфуллиннің мұражайы туралы презентацияны көре аласыздар.


Ер есімі – ел есінде [Электрондық ресурс] : библиотрансформер 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналады / Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы; құраст.: Н.Қ.Каленова, Ж.Х.Байжанова; компьютерде беттеу П.А.Лаврович ; мұқабының дизайні Н.Н.Сейсембекова. – Қарағанды, 2015. - 1 электрон.опт.диск (CD-ROM). – 6,14 МБ.

 

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығына байланысты «Ер есімі – ел есінде» атты библио-трансформерді шығарып отыр.

Библио-трансформер электронды түрде жасалған. Атап айтқанда: «Отан үшін от кешкен батырлар»- видеовикторина; «Ұлы Жеңіс» - жарнама ролик; «Өшпес ерлік пен даңқ» электронды кітап көрмесі; «Күркіреп күндей өтті соғыс» - (Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кітап көрмесінің жобасы); Қарағандылық Ұлы Отан соғысының батырлары Н.Әбдіров, М.Мамыраев, Б.Бұлқышев - библиографиялық жадынамадан тұрады.

Библио-трансформерді шолу, әңгіме, тақырыптық және фактографиялық анықтама жасауға және т.б. кітапханада өткізілетін іс-шараларға қолдануға болады.