ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2011

 


Дауылпаз ақын [Электрондық ресурс]: Қ. Аманжоловтың 100 жылдығына арналған мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст. Р.Р.Қазтаева; ред Н.Қ.Қаленова; техникалық редактор және дизайн Т.У.Жайменов. – Қарағанды: Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2011. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM). - 437 Мб.

 

Ақындығымен, азаматтығымен, қайсарлығымен талайды тәнті еткен ақын Қасым Аманжоловтың 2011 жылы 100 жылдық мерейтойы.

Осыған байланысты Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Дауылпаз ақын» атты әдістемелік мультимедиалық басылым шығарды.

Асқақ талант иесі, Қасым Аманжоловтың шығармашылығын оқырмандарға насихаттау мақсатында, бұл мультимедиалық басылымға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы, «Жадымызда қалған жайсаңдар» ақын туралы естеліктер, «Өмір сыры» атты виртуалдық кітап көрмесі, викториналық ойын, «Дауылпаз Қасымның қысқа өмір жолы» атты презентация және т.б. Осы құнды мәліметтерді пайдалана отырып, әр кітапханашы кітапхана жұмысына түрлі көпшілік шара түрлерін ұйымдастырып өткізе алады.

Кейбір құнды материалдарға қол жеткізген Қарқаралы аудандық орталықтандырылған кітапханасына, Қасым Аманжолов атындағы ауылының №19 орталау мектебіне және модельдік кітапханасына алғыс білдіреміз.

«Дауылпаз ақын» мультимедиалық әдістемелік құралы кітапханашыларға, әдебиетшілерге, мектеп оқушылары мен оқытушыларына арналған.


Тәуелсіздік жаршысы [Электрондық ресурс] мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: О.Н.Волкова, Р.Р.Қазтаева; ред Н.Қ.Каленова; техникалық редактор және дизайн Т.У.Жайменов. – Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2011. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM). - 437 Мб.

 

«Тәуелсіздік жаршысы» мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құралы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай құрылды.

Оқу құралында: Ж.Бектұров атындағы ОЖК-ның өткізілген іс-шараларының сценарийлері; ел кітапханалары құрған әдістемелік әзірлемелер, pdf-тегі кәсіби басылымдардан мақалалар, презентациялар, викториналар, бейнероликтер, фильмдер, ел Тәуелсіздігіне арналған дәйексөздер мен ұрандар ұсынылған.