ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2007

 


Елбасы Жолдауы – кемел болашақ кепілі [Электрондық ресурс] : әдістемелік-библиографиялық құралдар : 2-13 шығарылымдар / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы. - Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2007-2018.

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға көмек ретінде Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Елбасы Жолдауы-кемел болашақ кепілі» мультимедиялық әдістемелік–библиографиялық оқу құралдарын басып шығаруға кірісті. 2007-2018 жылдар аралығында 13 шығарылым құрылды.

2018 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхана «Әлем астаналарының шежіресі» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырған «Үздік кәсіби басылымдар» байқауында Ж. Бектұров атындағы ОЖК «Елбасы Жолдауы-кемел болашақ кепілі» әдістемелік – мультимедиялық басылымдары үшін мақтау қағазымен және бағалы кітаптармен марапатталды.


Өлшеуін білмек ғылымның асыл тегі [Электрондық ресурс]: мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал А. Ж. Машанидің өмірі мен шығармашылығы туралы / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: Г.Ә.Бекбалакова, Б.К.Мурзатаева, Н.Қ.Каленова; компьютерде беттеу және дизайн Л.Ю.Михайлова. – Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2007. - 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

ЮНЕСКО аясында 100 жылдық мерейтойы атап өтілген қазақстандық геологияда, фарабистикада елеулі із қалдырған ғалым Ақжан Машанидің өмірі мен шығармашылығы туралы «Өлшеуін білмек ғылымның асыл тегі» мультимедиялық оқу құралы. Дискіде әдеби көздер, архивтер, мұражай және т.б. материалдар ұсынылған.