ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР 2002-2005

 


Прикосновение [Электрондық ресурс]: мультимедиялық вернисаж: 1-6 шығарылымдар/ Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; шығарылымға жауапты Г.Ә.Бекбалакова ; құраст., компьютерде беттеу, дизайн Л.Ю.Михайлова. - Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2002-2008. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

«Прикосновение» - Орталық Қазақстан өңірінің бейнелеу өнері бойынша толық мәтінді базаларды құрудың алғашқы тәжірибесі.

Вернисаждар суретшілермен бірлесіп жаңа компьютерлік технологияларды қолдана отырып жасалған және белгілі бір авторлық тақырып бойынша жіктелген авторлардың картиналары жиынтығы болып табылады.


Вернисаждың бірінші шығарылымы Айбек Бегалиннің, екіншісі – Мұрат Қалқабаевтың, үшіншісі – Мынғыш Әбілқасовтың шығармашылығына, төртіншісі - Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 100 жылдығына орай «Көзінің айнасы бар» қалалық көркемсурет байқауының жеңімпаздарына арналған,  бесінші жас суретші Алексей Черемисин туралы әңгімелейді. 6 шығарылымда «Субъектив»: әлем жастардың көзімен» халықаралық байқауы жеңімпаздарының фото жұмыстары ұсынылады.



Отцы и дети [Электрондық ресурс]: талқылауды ұйымдастыруға және өткізуге көмек ретінде мультимедиялық әдістемелік материал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст. В.В.Мальгаждарова; шығарылымға жауапты Г.Ә.Бекбалакова; компьютерде беттеу, дизайн Л.Ю.Михайлова. - Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2003. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

«Отцы и дети» әдістемелік құралы осы тақырып бойынша пікірталас ұйымдастыру бойынша ұсыныстардан, сценарийден, аннотацияланған әдебиеттер тізімінен, кітап көрмесінің сұлбасынан, тәрбие мен пікірталас өнері туралы дәйексөздер тізімінен, психологиялық тесттерден, бейнежазбадан және т.б. материалдардан тұрады.



Ұшқын [Электрондық ресурс]: шығармашылық зертхана [кітапхана қызметінің панорамасы] / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: Г.Ә.Бекбалакова, В.В.Мальгаждарова; компьютерде беттеу, дизайн Л.Ю.Михайлова. - Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2003. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

Ж.Бектұров атындағы ОЖК виртуалды шығармашылық зертханасы «Ұшқын» жобасы кітапхананың инновациялық қызметімен таныстырады, Қазақстанда алғаш рет жасалған материалдарды қамтиды: «Жалын» жобасы, «Отцы и дети» мультимедиялық әдістемелік материалы.




Жарқын [Электрондық ресурс] : толық мәтінді мәліметтер базасы : 1-10 шығарылым / Ж.Бектұров атындағы облыстық жәсөспірімдер кітапханасы. – Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2004-2007. 

 

2004 жылдан 2013 жылға дейін Ж. Бектұров атындағы ОЖК «Жарқын» электрондық толық мәтінді деректер базасын құру бойынша жұмыс істеді.

Мақсаты: өңірдің ауылдық кітапханаларына көмек көрсету, олардың қорларын толықтыру.

«Жастар туралы, жастар үшін», «Кітапханашының жазбасы» және т.б. басылымдарда CD-ROM электронды тасымалдағыштарында PDF-тегі ең құнды, қызықты мақалалар болды. Ыңғайлы пайдаланушы интерфейсі оқырманға басылымдарды жылдам іздеуге мүмкіндік берді.


Тәттімбет [Электрондық ресурс] : мультимедиялық әдістемелік құрал / Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ; құраст.: Н.Қ.Каленова, Е.Ж.Махаева; жауапты ред. Г.Ә.Бекбалакова ; компьютерде беттеу, дизайн Л.Ю.Михайлова. – Қарағанды : Ж. Бектұров атындағы ОЖК, 2005. - 1 электрон. опт. диск (CD-ROM).

Көрнекті композитор–күйші Тәттімбет Қазанғаповқа арналған мультимедиалық басылымда оның шығармашылығы туралы материалдар біріктірілген (қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптарға виртуалды шолу; композитор шығармашылығына арналған кеш, газет-журнал мақалалары, күйлердің ноталық жазбалары, музыкалық шығармалар және т.б.). Дискіде ұсынылған барлық материалдар Тәттімбеттің күйлерімен сүйемелденеді.